Ауыл

«Ажар» көпшілік талабын өтейді

Қобда селосында «Ажар» деп аталатын сауда орталығының ашылуы жергілікті тұрғындар үшін жақсы жағдай туғызды. Бұл — қазіргі заман талаптарына сай келетін, қолайлы және жан-жақты жұмыс істейтін сауда кешені. Бір ғимараттың өзінде дүкен, кафе, дәріхана және ет сататын бөлім бар.
Сауда орталығы жұртшылықтың келуіне ыңғайлы аймақта орналасқан. Оның алдыңғы жақ бетінде көліктер қоятын орын жабдықталған.
Дүкенде күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік түрлері молынан және қонымды бағамен қойылған.
«Қобда Жер» ЖШС өз қарамағындағы осы сауда орнын өздері шығаратын ыстық нан өнімдерімен қамтамасыз етеді. Сондықтан да тұрғындар әрдайым «Ажарға» қарай асығады.
«Ажар» сауда орталығының директоры Жоламан Жаров өздерінің жұмыстарының ілгері басатындығына сенімді. Ол қазірдің өзінде он адамды жұмыспен қамтып отыр.

Людмила ЗАГРИДА,
Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button