Жаңалықтар

Терезе неден сынды?

21 шілде күні сағат 12-де  «102» телефонына 39 жастағы қала тұрғыны хабарласып, таңғы сағат 4-те белгісіз заттан жарылған тәрізді тарсыл туындап, содан үйдің терезесі сынғанын айтқан.

Оқиға орнына Заречный полиция бөлімшесіндегі жедел-тергеу тобы, учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Олар жедел қызметтер келгенше жақын маңда орналасқан үйлердің тұрғындарын сыртқа шығарып,  үйге жақын маңдарды қоршауға алды. Барлығы 20 адам және 5 бала сыртқа шығарылды.

Сағат 13-те «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлініс саперлері қызметтік-іздестіру иттерін қолдану арқылы үйді және оған жақын аумақтарды тексерді.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда аталған дерек бойынша іс қозғалып және де бірқатар сараптама  тағайындалды. Сот тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button