Жаңалықтар

6 шілде — Астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоспары

  1. Қаланы және мәдени-көпшілік шаралар өтетін орындарды мерекеге сай безендіру жоспарын әзірлеу. 1 шілде, қаланы безендірудің бөлек жоспары бойынша.
  2. «Жарқын қала». Б.Ходыревтің қойылымы бойынша спектакль, 30 маусым сағ.11.00, облыстық «Алақай» қуыршақ театры.
  3. «Астана – ұлтымыздың рухани ордасы». Виртуалды саяхат, кітап көрмесі, 1 шілде сағ.11.00, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.
  4. «Асқақта, айбынды елдің Астанасы». Кітап көрмесі, 1 шілде сағ.15.00, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы.
  5. «Шуақты қала». Кітап көрмесі, 1 шілде сағ.15.00, «Ғажап» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі.
  6. «Астана — тәуелсіздік символы». Дауыстап оқу, 2 шілде сағ.10.00, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы.
  7. «Туған күніңмен, Астанам». Концерттік бағдарлама, 2 шілде сағ.11.00, №8 ОМ.
  8. «Еліміздің жүрегі — Астана». Жылжымалы көрме, 2 шілде сағ.11.00, «Энергетик» жазғы демалыс лагері.
  9. «Астана — болашақтың қаласы». Кітап көрмесі, «Астана — Отанымыздың жүрегі». Әдеби кеш, 3 шілде сағ.11.00, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы.
  10. «Гүл жайнаған Астана». Мерекелік шара. «Біздің сүйікті жануарларымыз». Тірі табиғат бұрышына серуен, 3 шілде сағ.11.00, қалалық жас натуралистер стансасы.
  11. «Менің сүйікті Астанам». Сурет көрмесі, 3 шілде сағ.11.00, «Ақ желкен» аула клубы.
  12. «Елімнің жүрегі сен — Астана». Виртуалды көрме, 3 шілде сағ.11.00, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы.
  13. «Жаса, жайна ару қалам — Астанам». Слайд-шоу, 3 шілде сағ.11.00, №1 кітапхана.
  14. «Астана — туған елдің жүрегі». Виртуалдық көрме, 3 шілде сағ.11.00, №2 кітапхана.
  15. «Астана — бас қала», «Ақтөбе — туған қала». Интеллектуалдық ойыны және асфальтта сурет салу байқауы, 3 шілде сағ.11.00, «Достық» лагері.
  16. «Астана — айбарымыз мақтан тұтар». Мерекелік концерттік бағдарлама, 3 шілде сағ.16.00, қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйі.
  17. «Елімізді ертеңіне жетелеген Елбасы». Фото-көрме апталығы, 3-11 шілде сағ 10.00, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы, (Елбасының Ақтөбе жеріндегі кездесулерден фото-көрме), 6 шілде сағ.20.00, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы.
  18. «Асқақтай бер, Астана». Танымдық сағаты, 4 шілде сағ.11.00, №10 кітапхана.
  19. Үлкен көлемде мерекелік ауылшаруашылық жәрмеңкесі, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерінің сапасын қарап, дәмін тату промо-акциясы. 4 шілде 9.00, «Табыс» коммуналдық базары.
  20. «Астана — арман қала». Астана қаласына арналған қала тұрғындары арасында әндердің байқауы, 4 шілде сағ. 20.00, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы.
  21. Жағажай волейболынан қала біріншілігі, 4-6 шілде сағ.19.00, Ақтөбе мұнай және газ колледжі.
  22. «Сүйікті астанаға бір шоқ гүл сыйлаймыз». Үйірме оқушыларының көрмесі, 5 шілде сағ.11.00, қалалық техникалық шығармашылық орталығы.
  23. «Лучшая жестовая песня об Астане». Астана қаласына арналған қала мектептері және саңырау мектеп-интернаты балаларымен бірлескен флешмоб, 5 шілде сағ. 20.00, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы.
  24. Велоспорттан қала турнир,6 шілде сағ. 8.30, қалалық әкімдігі- «Мега Ақтөбе» ССО.
  25. «Өз астанаңды бейнеле». Сурет байқауы, 6 шілде сағ.10.00, №16 ОМ.
  26. Балалар мен жасөспірімдер, ПИК тұрғындар арасындағы «Былғары доп» футболдан қала турнирі, 6 шілде сағ.10.00, қала мектептерінің спорт алаңы.
  27. Балалар мен жасөспірімдер, ПИК тұрғындар арасындағы стритболдан ерлер және қыздар арасында қала біріншілігі, 6 шілде сағ.10.00, №2 ОБЖСМ.
  28. «Астана туралы мәлімет». Викторина, 6 шілде сағ.11.00, №55 ОМ.
  29. «Астана — ел мақтанышы». Балаларға арналған зияткерлік сайысы, 6 шілде сағ.11.00, облыстық планетарий.
  30. «Астана — елдің жүрегі». Металлургтер мәдениет үйінің мерекелік бағдарламасы, конкурстар, викториналар, 6 шілде сағ.11.00, Металлургтер мәдениет үйінің алаңы.
  31. «Туған күніңмен, Астана». Мерекелік бағдарлама, 6 шілде сағ.11.00, Қарғалы селолық округіндегі Жеңіс саябағы.
  32. Промоутерлердің әртүрлі түстегі шарларды таратуы, «Астана». Театрландырылған қойылым, балаларға арналған тегін аквагримм, «MEGA Stars» ұжымының мерекелік іс-шарасы, 6 шілде сағ.11.00-18.00, «Мега Ақтөбе» СОО ғимарат ішінде.
  33. «Арман қала — Астана». Концерттік бағдарлама, 6 шілде сағ.18.00, Қурайлы әкімшілігінің ғимараты.
  34. Үстел теннисінен қалалық турнир, 6 шілде сағ.19.00, Орталық стадион алаңы.

35 «Астана — бақыт бастауы». Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйінің концерттік бағдарламасы, 6 шілде сағ.19.00, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағының су жағалауы.

  1. «Ел жүрегі — Астана». Мерекелік концерттік бағдарламасы, ересек тұрғындарға арналған ретро би кеші, 6 шілде сағ.19.00, Сазды мәдениет үйі.
  2. Мәдени-көпшілік шаралар өтетін орындарда мерекелік сауданы ұйымдастыру, 6 шілде сағ. 19.00, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы, Орталық стадион алаңы.
  3. «Ару қала — Астана». Концерт, 6 шілде сағ. 20.00-22.00, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағының сахнасы.
  4. «Қазақстан — тірегіміз, Астана — жүрегіміз», «Ақтөбе» вокалды-аспапты ансамблінің мерекелік бағдарламасы, 6 шілде сағ. 20.00-22.00, «Мега Ақтөбе» ССО.
  5. «Шашуымызды қабыл ал, Астана». «Халықтық ұжым» «Әлия гүлі» қазақ би ансамблі, «Наурыз» тобы, «Халықтық» «Інжу», «Сұңқар» вокалдық топтарының мерекелік бағдарламасы, 6 шілде сағ. 20.00-22.00, Орталық стадион алаңы.
  6. «Мерейлі мерекең құтты болсын, Астана». Облыстық халық шығармашылығы үйінің мерекелік бағдарламасы, 6 шілде сағ.20.00-22.00, Пушкин атындағы саябағы.
  7. «Айбары асқақ Астана». Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығының мерекелік бағдарламасы, 6 шілде сағ. 20.00-22.00, «Ретро» саябағы.
  8. «Ғасырлар тоғысында асқақтаған Астана». Көрме, 6-13 шілде сағ.11.00, Ақтөбе облыстық «Руханият» музейі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button