Жаңалықтар

Олимпиадаға барар жол  

Еркін күрес

 Ақтөбелік еркін күрес шебері Артас Санаа Түркияда өткен Яшар Догу атындағы Гран-при турнирінен жеңімпаз болып оралды.

ФИЛА-ның шешімі бойынша бұл турнирде жеңімпаз атанған спортшыға халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы беріледі. Бұл атақты қорғау Артасқа оңай соқпапты.

— Менің мұндай маңызды халықаралық жарыстарға қатысуыма облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ескендірбек Маханов, кәсіпкер әрі жаттықтырушым Еркін Ізбасаров, қазіргі жаттықтырушым Мұқтар Құлжанов, № 4 БЖСМ директоры Болат Еңсепбаев көп көмектесті, — дейді Артас.

Биыл 43-рет өткен бұл турнирде қазақстандықтардың арасында тек Мәулен Мамыров қана чемпион атанған екен. Бұл жолы армян, әзірбайжан, иран сынды күрес шеберлерін жеңіп, финалға шыққан Артастың қарсыласы кілем иесі Цезарь Агюль болды. Кілем иесіне төрешілер бұра тартқанымен, Артас екі ұпай айырмашылығымен жеңіске жеткен.

57 келі салмақта Қазақстан құрама командасының мүшесі Артас Санаа олимпиадаға бару үшін даярлық жасап жатыр.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button