Жаңалықтар

Құран жарысы

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Құран —  рухтың қуаты» атты жарыс өткізілді. Алланың кәләмі болған қасиетті Құран кәрім аяттарын тәпсірімен мәнерлеп жатқа оқудан өткен жарысқа жас шәкірттер қатысты.  

Шара мақсаты — шәкірттерді және мешітіміздің жамағатын Құранды дұрыс оқуға шақыру, білім ізденуге ынталандыру,  Пайғамбарымыз (с.а.у.) өмірі арқылы мейірімділікке, сыйластыққа, мұсылмандыққа тән қасиеттерді қалыптастыру.

Байқауға «Нұр Ғасыр» мешітінің, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің шәкірттері және облыстың жеті ауданынан келген шәкірттер, барлығы 28 адам қатысты.

Байқау 3 шарттан тұрды. Оның алғашқысы — Құранның 30-шы парасын жатқа білу, тәжуидпен талдау,  екіншісі — Әбу Ханифаның 12 өсиетін білу және соңғы шарты —  Ханафи мәзһабы бойынша ораза, дәрет, намаз баптары бойынша сұрақтарға жауап беру.

Құрамында Ақтөбе қалалық мешітінің бас имамы Б.Тәжімбет, Ақтөбе қалалық мешітінің найб имамы Т.Алдабергенов және «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Т.Алмағанбетов сынды имам-ұстаздар енген қазылар төрағалық етіп, бірінші орынға Ақтөбе қалалық мешітінің шәкірті А.Мұқанбетжановты лайық деп тапты. «Нұр Ғасыр» мешітінің шәкірттері Ж.Мырзаханұлы, Б.Тұрарбековтер екінші, үшінші орындарға ие болді.

Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен мадақтама қағаздары табысталды.

 

Б.АЕТОВА,

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы.  

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button