Ораза қабыл болсын!
Қасиетті Рамазан мүбәрәк болсын!
Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!
Барлық мақтау мен мадақ Әлемдердің Раббысы Аллаһ тағалаға болсын! Көптен күткен тағы бір қасиетті Рамазан айына жеткенімізге сансыз шүкірлік етеміз.
Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!
Барлығыңызды мүбәрәк Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы қасиетті Рамазан – сансыз сезімдер мен толып-тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай Жасаған иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да осы Рамазан.
Ораза адам жанын тазартып, жаман қылықтардан сақтайды. Құранда Алла тағала: «Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» (Бақара сүресі, 183-аят), – дейді.
Аятта айтылғандай, оразаның мақсаты – мұсылманды тазартып, тақуалыққа жеткізу. Тақуа – сақтану, қорқу, сиыну. Ендеше, тақуалық – Алла тағалаға бойсұну, әмірлеріне құлдық ұрып, тиғандарынан тыйылып, иманды, көркем мінезді, парасатты жан болып, Ұлы Жаратушыға қарсы келуден сақтану. Демек, оразаның мақсаты – жанды рухани тазартып, көркем мінезге тәрбиелеу, нәпсі тізгінін қолға алу.
Нәпсі – бойдағы пендеге тән құмарлық сезім. Жалпы, адам баласының адамгершілік шыңына жетуі мен көркем мінезді болуының негізі – нәпсіге ие болуында. Ал нәпсіні тежеуде ораза үлкен мәнге ие. Ең бастысы, ораза тек Алла тағала разылығы үшін болу ләзім. Кісі тек ашығуымен діттеген мақсатына жете алмайды. Өйткені ораза – Алла тағалаға жасалатын ғибадат. Қасиетті хадисте Алла тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөліркегенінен шыққан ауыз исі мен үшін месіктен де артық», – дейді.
Сонымен қатар бұл қасиетті айда тек ішіп-жеуден ғана емес, өсек-ғайбат сынды т.б. жаман әдет-қылықтардан да іргені аулақ салған мақұл. Өйткені ораза тек ішіп-жеуден тыйылу үшін ғана емес, сондай-ақ құлақ, көз, ауыз күнәларынан да сақтану үшін ұсталады. Сол үшін құлшылық амалдарымызды көбейтіп, көбірек Алланы еске алып, жиірек Құран оқыған абзал. Алла Елшісі (с.ғ.с.) Рамазан айы туралы: «Рамазан келгенде жаннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді», сондай-ақ «Шынында жаннатта бір есік бар, ол Райиан деп аталады. Ол есіктен тек ораза ұстаушылар ғана кіреді», – деген.
Құрметті мұсылмандар! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Алла тағала баршамызды шынайы ықыласпен ораза ұстаушылар санатына қосып, жаннаттың Райиан есігінен кіруімізді нәсіп еткей!
Қасиетті Рамазан мүбәрәк болғай!
Бауыржан ЕСМАХАН,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының Ақтөбе облысы
бойынша өкілі, облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы.
2009 жылғы Ораза кестесі
|
Рамазан айы |
Тамыз-қыркүйек |
Сәресі (ауыз бекіту) |
Ифтар (ауыз-ашар) |
|
1 |
21.08.09 |
04.01 |
20.27 |
|
2 |
22.08.09 |
04.04 |
20.25 |
|
3 |
23.08.09 |
04.06 |
20.25 |
|
4 |
24.08.09 |
04.09 |
20.21 |
|
5 |
25.08.09 |
04.11 |
20.19 |
|
6 |
26.08.09 |
04.14 |
20.17 |
|
7 |
27.08.09 |
04.16 |
20.15 |
|
8 |
28.08.09 |
04.18 |
20.13 |
|
9 |
29.08.09 |
04.20 |
20.11 |
|
10 |
30.08.09 |
04.23 |
20.09 |
|
11 |
31.08.09 |
04.25 |
20.07 |
|
12 |
01.09.09 |
04.27 |
20.05 |
|
13 |
02.09.09 |
04.29 |
20.03 |
|
14 |
03.09.09 |
04.31 |
20.00 |
|
15 |
04.09.09 |
04.34 |
19.58 |
|
16 |
05.09.09 |
04.36 |
19.56 |
|
17 |
06.09.09 |
04.38 |
19.54 |
|
18 |
07.09.09 |
04.40 |
19.52 |
|
19 |
08.09.09 |
04.42 |
19.50 |
|
20 |
09.09.09 |
04.44 |
19.47 |
|
21 |
10.09.09 |
04.46 |
19.45 |
|
22 |
11.09.09 |
04.48 |
19.43 |
|
23 |
12.09.09 |
04.50 |
19.41 |
|
24 |
13.09.09 |
04.52 |
19.39 |
|
25 |
14.09.09 |
04.54 |
19.36 |
|
26 Қадір түні |
15.09.09 |
04.56 |
19.34 |
|
27 |
16.09.09 |
04.58 |
19.32 |
|
28 |
17.09.09 |
04.59 |
19.30 |
|
29 |
18.09.09 |
05.01 |
19.28 |
|
30 |
19.09.09 |
05.03 |
19.25 |



