Жаңалықтар

Нұрталап — мүшәйра жеңімпазы

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде «Мәңгілік ел — мұратым» атты университетішілік жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Шараны өткізудегі мақсат — дәрігерлік мамандықты меңгеріп жүрген студенттердің арасынан жас ақындарды іздеп, олардың шығармашылығын насихаттау.
Елімізде биыл аталатын маңызды мерейтойлар аясында өткен мүшәйраны университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орталығы мен қазақ тілі курсы мамандары ұйымдастырды.
Мүшәйраға білім ордасының 1-4 курстары арасынан 8 студент қатысты. Жас ақындардың өлең-жырларына белгілі ақын, облыстық «Ақтөбе» газетінің жауапты хатшысы Сәтжан Дәрібай төрағалық еткен қазылар алқасы баға берді. Байқау қорытындысы бойынша студент Нұрталап Айбазар бірінші орынға лайық деп танылды. Жүлделі екінші және үшінші орындар Қалжан Бақытжанов пен Гүлтұрсын Смайловаға бұйырды. Жеңімпаздарға университет ректоры Ербол Бекмұхамбетовтің тағайындауымен бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button