Жаңалықтар

«ҚАЗХРОМ» ТҰК: ЖАСЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ

Жазда мұнда бәрі тамаша көрінеді – ашық қоңырқай-ақшыл көк түсті және ақша қардай жайқалған гүлдер, алаңға күн нұры молынан төгіліп тұрады. Құрмет тақтасы мен Еңбек адамы – металлуртердің құрметіне орнатылған ескерткіш көз тартады. Барлығы да таза, күтімді, көркейтілген. Бұл – Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының орталық кіреберіс аумағындағы көріністер.

Театр киім ілгіштен басталатыны секілді, зауыт туралы да оның осы орталық кіреберіс аумағы туралы да осындай тұжырым жасауға болады. Шындығында да, өндіріске қарай бастайтын осы жол ауысымға бет алған адамдардың бойында еңбекке деген құлшынысты оятады, жақсы істерге жігерлендіреді.

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты  – Қазақстандағы түңғыш қара металлургия кәсіпорны. Зауыт 1943 жылы іске қосылды. Өткен жылы ол өзінің 70 жылдық мерейтойын  атап өтіп, эстафетаны төртінші цех деп аталатын жаңа өндіріске, ал мәні жағынан «Қазхромның» жаңа ферроқорытпа зауытына ұсынды.Қалай дегенде де өндірістік кәсіпорын үшін 70 жыл дегеніңіз – бұл соншалықты көп мөлшер емес, өйткені барлық жабдықтарды ұдайы түрде және жоспарға сәйкес жаңғырту жүріп жатты және жалғасуда, озық технологиялар енгізілуде, өндірісте инновациялық әдістер игерілуде. Бүгінгі күні зауыт  заманауи, тұрақты дамыған кәсіпорын жылына 350 мың  тоннадан артық ферроқорытпа өндіреді.

– Біздің компания өзінің өндірістік қызмет аймағында табиғатты барынша жоғары деңгейде сақтауға мүдделі. Біз болары болып, содан соң салдарларын жойып жатқаннан гөрі, қандай да теріс өзгерістердің алдын алған, асқынбай тұрып бетін қайтарған дұрыс деп санаймыз,- дейді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Татьяна Самойленко,- кәсіпорын ISO 9000, ISO 14000, OHSAS 18000 сәйкестілік сертификаттарына және бүгінгі күні ең маңызды ISO 50001 (энергоменеджмент) сертификатына ие болып отырғанын бірден атап өткеніміз дұрыс. Ең бастысы – бұл сертификаттардың әрқайсысының астарында өнім сапасы, қоршаған орта мен еңбекті қорғау және энергоменеджмент саласында компания қызметінің халықаралық стандарттарға сәйкестілігін беделді неміс сертификаттық органының тануы нәтиже болып табылатын ұзақ және еңбекті молынан қажет ететін процессс жатыр.

Компанияның ерекше мақтанышы – бұл өндіріс қалдықтарын басқару бағдарламасы.

– Біздің мақсатымыз – қалдықтар құрылымы көлемін жай ғана төмендету емес, біз олармен жұмыс істейміз – қосымша қайта балқытулар үшін өндіріске тартамыз, қалпына келтіріп, содан кейін пайдаға жаратамыз,- деп нақтылайды зауыттың бас экологы Т. Самойленко.

Кәсіпорын қосымша қуаттылықтарды іске қосумен жоғары көміртекті феррохромның жаңадан түзілген шлактарын (қождарын) ғана емес, сондай-ақ үйінді де ондаған жылдар бойы жинақталып қалғандарын да қайта өңдеу мүмкіндігіне ие болды.

Қождарды қайта өңдеу 1991 жылы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 цехы үшін ұсақтау-сұрыптау  жабдықтарының алғашқы партиясын алумен байланысты басталды. 1995 жылы «жатып қалған» қождарды қайта өңдеуге мүмкіндік беретін қосымша жабдықтар келіп түсті. Арада бес жыл өткенде әрқайсысында ұсақтау-сұрыптау кешендері бар төрт учаскеде қождарды өңдеу жүргізілді. 2006 жылы мақсатты бағдарламаның аяқталу сәтіне орай 1,7 миллион тонна қалдықтар өңделіп үлгерілді. 2008 жылы тазартылған феррохромның қождарын тұрақтандыру және өңдеу бағдарламасы іске қосылды. 2011 жылы №2 балқыту цехында өнертапқыштар жоғары көміртекті және тазартылған феррохромның өндірісінен шыққан қождарды араластыруды ұсынды. Нәтижесінде дайын өнім – жол құрылысы үшін үнемі қажетті материал дайын болды.

Сонымен бір қатарда карьерді игеруде және автотранспорт қозғалысында бейорганикалық шаң эмиссиясын төмендету бойынша шараларға кірісу басталды. Үш жыл ішінде жоғары көміртекті феррохром өндірісінен жинақталған шлак көлемі 825 мың тоннаға азайды.

2011 жылдан бастап газ тазалауда шаңды залалсыздандырып, пайдалану жүзеге асырылуда, мұның өзі вакуумды-жылу бөлімшесінде отқа төзімді кірпіш өндіруге мүмкіндік береді. Экологиялық тиімділік  2014 жылдың 9 айында  – 7719,48 тонна.

– Ферроқорытпа өндірісінде қалдықтарды басқарудың бағдарламасын енгізу бірден бірнеше варианттар бойынша табысқа жетуге мүмкіндік берді,- деп атап көрсетеді Татьяна Александровна. – Шикізатты елеулі түрде үнемдеу барысында дайын өнімдердің қосымша көлемі өндірісі мүмкін болды. Бұдан басқа жоғары көміртекті феррохромның жатып қалған қождарын қайта өңдеу қосымша зауыт аймақтарын босатуға жол ашты.    46,5 га және 60 га аумағымен қождарды жинақтау үшін жаңа полигондарды жарақтандыру күн тәртібінен түсті. МЕМСТ бойынша «стерилденген» қиыршық тас өндірісі жолға қойылды. Осы басымдықтардың барлығы жинақтала келіп, бір мақсатқа – қоршаған ортаға әсер етуді барынша төмендетуге жұмылдырылды.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының санитарлық-қорғаныс аймағы шекарасында және оның аумағында мониторинг зауыт және СЭС басшылығымен орналасуы келісілген белгіленген нүктелерде алты ингредиент – шаң, көміртек тотығы, күкірттің  тотығы, азоттың қос тотығы, күкіртті сутегі, алты валентті хром бойынша атмосфералық ауада ластаушы заттардың жинақталуын тікелей өлшеумен жүзеге асырылады,- деп түсіндіреді

Т. Самойленко.

Сондай-ақ зауыттың өндірістік қызметінің су ресурстары жағдайына әсеріне өндірістік экологиялық бақылау да жолға қойылды. Бұл жерде мынаны бірден атап өтуіміз қажет – зауыт пайдаланылған суды «Ақбұлақ» АҚ желісінде ғана қоршаған ортаға жібермейді.

Татьяна Александровнаның нақтылауынша мұнда Елек өзенінің су беткейлеріне және кәсіпорынның санитарлық-қорғаныс аймағындағы шекараларда жер асты сулары ахуалына мониторинг жүргізіледі. Санитарлық-қорғаныс аймағы шекарасындағы топырақтың жағдайы да біздің экологтардың тұрақты назарында.

Ең бастысына келейік. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өткен жылы өзінің 70 жылдығын атай отырып, төртінші цехқа – мәні жағынан жаңа зауытқа эстафетаны ұсынды. Мұнда Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемдік ферроқорытпа саласы үшін де бірегей болып табылатын тұрақты ток пештерінде балқытудың инновациялық технологиясын пайдаланады. Барлық өндірістік процесс жоғары деңгейде автоматтандырылған. Жаңа зауыт ағынды суларды тазалаудың үш сатылы жүйесімен жарақтандырылған. Сондай-ақ тұйық айналмалы тізбек қарастырылған, яғни су тазалау жүйесінен өтіп, қалдықсыз пайдаланылады. Зауытта тазалаудың жоғары дәрежесіндегі екі типті ең заманауи газ тазалау қондырғылары орнатылған. Бұл өндірістік шешімдер қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуды қамтамасыз етеді, ферроқорытпа газы мен шаңын залалсыздандыруға мүмкіндік береді, қатты қалдықтар мөлшерін елеулі түрде төмендетеді.

— Жаңа зауыт – бұл Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ әлемдік ферроқорытпа саласы үшін де бірегей инновациялық технологиялар кешені,- дейді мақтанышпен «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Виктор Тиль. – Инновациялардың арқасында жаңа ферроқорытпа зауыты Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына еніп қана қойған жоқ, сонымен бірге хром қорытпалары әлемдік нарығында компанияның жетекшілік ұстанымын бекітуде кепіл ретінде қызмет етеді. Бүгінгі күні біздің негізгі мақсатымыз – жұмыс істеп тұрған және жаңа жоғары технологиялық өндірістің құрылысын интенсификациялау, еңбек пен қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық принциптерін сақтау, әлеуметтік әріптестік дәстүрлерін жалғастыру. Біз компания қызметкерлері аумақты әлеуетке ие және нағыз заманауи жабдықтарда жұмыс істеуге лайықты деп санаймыз.

 

Сара ТАЛАН.

Суретті түсірген Ұлтуар Асанова.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button