Жаңалықтар

Нөміріңіз тіркелген бе?

Елімізде 1 желтоқсаннан бастап ұялы байланыс операторлары тіркелмеген абоненттерді байланыстан ажырататыны хабарланған болатын. Осыған байланысты Ақтөбе облысының тұрғындары да ұялы байланыс нөмірлерін тіркетіп жатыр.

Соңғы деректерге сүйенсек, ұялы байланыс нөмірлерін тіркеу 10 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі байланыс және ақпарат комитетінің баспасөз хатшысы Александр Суслов хабарлады.

Ал Ақтөбе қаласында орналасқан «Beeline» ұялы байланыс операторы орталығының жетекшісі Ольга Маглелидің айтуынша, бүгінге дейін облыс тұрғындарының көбі  нөмірлерін тіркетіп үлгеріпті.

— Егер нөміріңіздің тіркелген-тіркелмегенін білгіңіз келсе, орталыққа келмей-ақ, ұялы телефоныңыздан *808# немесе 065578 нөмірін теріп, смс-хабарлама арқылы

ақпарат алуыңызға болады.

Егер нөмір тіркелмеген жағдайда қаладағы кез келген «Beeline» ұялы байланыс абоненттеріне қызмет көрсету орталығына барып, абоненттік нөмірді тіркеу өтінішін толтырып, «Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ұялы қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасу қажет, — дейді О.Маглели.

Ал «Kcell» және «Activ» ұялы байланыс операторы орталығы қызметкерлерінің айтуынша,  абонент нөмірінің тіркелгенін *940# нөмірін теру арқылы білуге болады. Сондай-ақ, тұрғындардың аталған байланыс операторының қызмет көрсету орталықтарына барып, жеке  куәлік арқылы тіркелген нөмірінің бар-жоқ екендігі туралы да ақпарат алуына толық мүмкіндігі бар.

—    Бүгінгі дейін «Теле 2 Қазақстан» ұялы байланыс абоненттері кей нөмірлерін тіркеусіз қолданып келген болатын. Ал енді тіркелмеген барлық нөмірлер 10 желтоқсаннан кейін жарамсыз болып қалады. Сондықтан облыс тұрғындары

нөмірлерін тіркетіп, қосымша сауалдар туындаса, Ақтөбе қаласының  Абай даңғылындағы және Уәлиханов көшесінде орналасқан қызмет көрсету орталығының

қызметіне жүгінуіне болады.

Сондай-ақ, осы ұялы байланыс операторы бойынша *127*1# нөмірін теру арқылы немесе www.tele2.kz сайтынан нөмірдің тіркелген-тіркелмегені жайлы ақпарат ала алады. Ал егер абонент атына тіркелген нөмірді пайдаланбай жойғысы келсе, қызмет көрсету мекемесіне барып, келісімшарт бұзу туралы өтініш жазуы керек, — дейді

«Теле 2 Қазақстан» операторының Ақтөбе қаласындағы супервайзері Арман Нұржанов.

Айта кету керек, соңғы жылдары Ақтөбе облысында телефон алаяқтығы жиілеп кетті. Ал  ұялы байланыс нөмірлерін тіркеу мұндай жағдайлардың болмауына және қауіпсіздік үшін жасалған қадам деп түсіну керек.

 

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

2 Comments

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button