Жаңалықтар

Сабаққа ата-аналар қатысты

Соңғы бір-екі жылдықта қала мектептерінің мұғалімдеріне педагог кадрлардың біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламасы аясында бірінші (ілгері), екінші, үшінші деңгейлер бойынша дәріс беруге келген ұстаздар сыныпта сабақ өткізудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйретуде.

Өйткені келешек ұрпақ бүгін өте білімді болуы керек. Қоғамның басты мәселелерінің бірі — білім беруді түбегейлі өзгерту.

Қазіргі таңда басты мақсат: ХХІ ғасырда нені оқыту керек?

Оның ішінде мектеп пен ата-ананың қарым-қатынасы да ескерілген.

Ақтөбе қаласындағы №38 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дариға Қуанышкереева ата-аналар арасында «Тәрбие отбасынан басталады» атты коучинг сабағын өткізді. Отбасыңдағы бала тәрбиесі, оның сабаққа дайындалуын қамтитын түрлі сұрақтар беріліп, оған ата-аналар жазбаша жауап берді. Интерактивті тақта арқылы түрлі ойындар ойналып, пікір-талас болды. Баланы жалықтыратын, көнерген сабақ беру әдісіне қарағанда, түрлі құралдар пайдаланып оқыту әрі қызғылықты, әрі оқушы тез қабылдайтынына көз жеткізуге болады. Тренинг ата-аналардың белсенділігімен тартымды өтті.

 

С.ХАЙРУЛЛАҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button