Жаңалықтар

Қызметтік автокөлік — қызмет үшін!

Жақында республикалық «Экспресс К» газетінде қызметтік автокөліктерді жеке мақсаттары үшін пайдалану деректерін анықтау бойынша оралдық полиция қызметкерлері және «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің бірлескен тексерулері туралы «Качу куда хочу» мақаласы жарық көрді. Алайда, мұндай фактілерді анықтаған полиция қызметкерлері «заңда қызметтік көліктерді мақсатсыз пайдалануға қатысты бап жоқ екендігін, сондықтан да түсіндірумен және ескертумен шектелетіндігін» алдыға тартып, тоқтатылған тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.

Осыған ұқсас жағдай жақын аралықта «Диапазон» газетінде де кеңінен талқыланды, бұған «Мега Ақтөбе» сауда орталығының қасында жұмыс уақыты кезінде мемлекеттік номері бар қызметтік автокөліктің тұраққа дұрыс қойылмауы себеп болды. Аталған автокөліктің жүргізушісі сауда орталығына алдағы мейрамға сыйлықтар алу үшін жіберілгені және ол автокөлікті көрсетілген жерге сауда орталығы қызметкерінің айтуымен қойғаны анықталды. Бұған қарамастан, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болғаны үшін автокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

Бұл екі мысалды келтіре отырып, мұндай фактілерге көңіл бөлмеу мүмкін еместігін тағы да еске салғымыз келеді. Барлық мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін басшылыққа алуы тиіс. Аталған Кодекс мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті ұтымды әрі тиімді пайдалануға міндеттейді. Аталған талап барлық мемлекеттік меншікке, соның ішінде қызметтік автокөлікке де қатысты. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік автокөліктерді олар берілген мақсаттарда ғана, яғни тек жұмыс үшін пайдалануы қажет. Ар-намыс кодексінің жоғарыда көрсетілген талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.

Осыған байланысты, азаматтарға өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, қызметтік автокөліктерді жеке мақсаттары үшін пайдаланудың анықталған деректері бойынша: Әбілқайыр хан даңғылы, 40, №122 кабинетке немесе ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 54-26-88 сенім телефонына хабарласуға болатындығын жеткіземіз.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің

Ақтөбе облысы бойынша департаменті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button