Жыл өтті. Қорытынды қандай?
Статистика
2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Өнеркәсіп
2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 1314,9 миллиард теңгені құрды. Нақты көлемінің индексі 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 107,0 пайыз болды.
Бұл көрсеткіштердің өндірістік өсімі былайша сараланады:
кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қазу — 7,8 пайыз;
өңдеу өнеркәсібі — 6,9 пайыз;
сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау — 21,9 пайыз.
Ал электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы көрсеткіш 5,1 пайызға төмендеді.
Ауыл шаруашылығы
Өткен жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 119,5 миллиард теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 93,4 пайыз болды.
Инвестиция
Былтырғы жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 430,5 миллиард теңге болды. Нақты көлемінің индексі өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 107,9 пайыз құрады.
Жүк айналымы
2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 4784,6 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2011 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,4 пайызға өсті.
Сауда
Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 294,5 миллиард теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 16,6 пайызға өсті.
Осы кезеңде көтерме сауда тауар айналымының көлемі 276,4 миллиард теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 5,9 пайызға артты.
Есепті кезеңде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 7566,7 миллион теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 9,2 пайызға өсті.
Тұтыну баға индексі 2012 жылғы желтоқсанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,7 пайыз құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына — 5,1 пайыз, азық-түлік емес тауарларға — 4,1 пайыз, ақылы қызметтер көрсетуге — 8,1 пайыз артты.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2012 жылғы желтоқсанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,2 пайызға төмендеді.
Табыс. Айлық. Жұмыс.
2012 жылғы қарашада халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 53 568 теңгені құрады. Өсім 2011 жылғы қарашамен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін — 12,6 пайыз, нақты ақшалай табыстар үшін – 6,8 пайыз құрады.
Былтырғы жылғы қарашада қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 88 798 теңгені құрады. 2011 жылғы қарашаға қарағанда 9,9 пайызға өсті. Нақты жалақы индексі 2011 жылғы қарашаға 104,3 пайыз құрады.
2012 жылғы желтоқсанның аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 1 мың адамды құрады, бұл — экономикалық белсенді халық санының 0,2 пайызы. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,03 пайызын құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2013 жылғы 1 қаңтарға 12 722 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,9 пайызға артты. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8 454 немесе тіркелгендер санына қатысты 66,4 пайыз құрады. Жұмыспен қамтылғандардың саны 50 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына 94,1 пайыз және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 91,2 пайыз құрады.
Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 8 906 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,9 пайызға артты.
Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.



