Қала мектептерін аралады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде жаңа мектептер салу және қолданыстағы білім беру ұйымдарын жаңарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Ескі ғимаратта орналасқан көптеген оқу орны кезең-кезеңімен реновациядан өтіп, ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізіліп, материалдық-техникалық базасы жаңартылып, сонымен қатар, үш ауысымды оқытуды жоюға және апатты жағдайдағы мектептерді алмастыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылып, оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлыбілім беру ортасы қалыптастырылып жатыр.
Облыс әкімі Асхат Шахаров былтыр күрделі жөндеуден өткен бірқатар оқу орнын аралап көрді. Атап айтқанда, ол Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназия, І.Есенберлин атындағы №15 орта мектепте болды.
Ғ. Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы1978 жылы салынған және сол уақыттан бері үздіксіз білім беру мекемесі ретінде жұмысістеп келеді. Қазіргі таңда мұнда 1562 оқушы білім алуда. Мектепте 157 мұғалім қызмет етеді.
2025 жылы мектепте «Кварц Спецсервис» ЖШС мердігер ұйымы тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу аясында аумақты абаттандыру, ғимараттың қасбетін жөндеу және ішкі жұмыстардың бір бөлігі орындалды.
«Мектеп ғимаратының қасбеті толық жаңартылып, 12 апатты бағана нығайтылды. Аула аумағына тас төсемелер төселіп, абаттандырылды. 27 оқу кабинетінде еден, төбе және жарықтандыру жүйелері жөнделді, бірінші қабат пен асхананың едендерітолығымен жаңартылды. Спорт және акт залдары жөнделіп, қосымша дәліз салынды.
Жабдықтауға да ерекше көңіл бөлінді: химия, биология және робототехника кабинеттері жабдықталды, асханадағы жиһазбен құрал-жабдықтар жаңартылды, парталармен оқу жиһаздары ауыстырылды, информатика кабинеті мен кітапхана жабдықталды, интерактивті панельдер орнатылды.
Күрделі жөндеуге 285,65 млн теңге бөлініп, қосымша 56 млн теңге заманауи жабдықтар сатып алуға бағытталды», – деді мектеп директоры Жания Романова.
Асхат Шахаров жаңартылған оқукабинеттерін, мамандандырылғансыныптарды, асхананы аралап, педагогтер және сенбі күні үйірмелерге қатысатын оқушылармен жүздесті.
«Балалардың қауіпсіз әрі жайлы жағдайда білім алуы біз үшін өте маңызды. Мектептерді реновациялау – жүйелі түрде жүргізілетін жұмыс. Біз алдағы уақытта да ескі ғимараттарды жаңартып, мектептерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, әрбір бала сапалы білім ала алатын орта қалыптастырамыз», – деді облыс әкімі.
Одан кейін өңір басшысы І. Есенберлинатындағы №15 орта мектепке барды. Бұл оқу орны 1939 жылы салынған, бүгінде мұнда 574 оқушы білім алып жатыр.
2025 жылы мектепте «ABRYOI GROUP» ЖШС мердігер ұйымы тарапынан 407,8 млнтеңгеге кешенді күрделі жөндеу жүргізілді. Қосымша 107,6 млн теңге материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталды.
Мектеп директоры Алмагүл Ешмағамбетованың айтуынша, реновация барысында ғимараттың қасбеті мен шатыры жаңартылып, едендер, жылу және кәрізжүйелері ауыстырылды, қоршау жаңартылды. Сондай-ақ оқу кабинеттеріне жаңа жиһаздар алынып, интерактивті панельдер орнатылды, кітапхана, асхана және спортзал жаңа құрал-жабдықтармен толықтырылды.
Мектеп фойесінде директор жөндеу жұмыстарының нәтижесін «бұрын және кейін» фотосуреттері арқылы таныстырды. Ата-аналар комитеті және ардагерлер кеңесінің өкілдері мектеп инфрақұрылымын дамытуға көрсетілген қолдау үшін ел Президентіне алғыстарын жеткізді.
Облыс әкімі кездесу барысында білім беру мекемелерін жаңғырту және оқу үшін қолайлы жағдай жасау өңірлік билік үшін басым бағыт болып қала беретінін атап өтті.
«Біз әрбір мектептің заманауи, қауіпсіз әрісапалы білім беруге қажетті барлық құралмен жабдықталғанын қалаймыз. Бұл – балаларымыздың болашағына салынған инвестиция. Сонымен қатар, сапалы оқужағдайы әр баланың әлеуетін ашуға, білімгедеген ынтасын арттыруға және уақыт талабына сай білім беру стандарттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді өңір басшысы.
Сондай-ақ ол биыл қаладағы №5, 17, 22 және 37 мектептерде реновация жүргізілетінін мәлімдеді. Бұдан бөлек, Әйтеке би, Байғанин, Темір және Шалқар аудандарындағы мектептерді жаңарту жоспарланған.
Д.ҚАЗИХАН.



