Сазды өзені тазартылып жатыр
Ақтөбе қаласындағы «АссанаСтрой сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Сазды өзенінің қала ішіндегі бөлігін тазартып жатыр. Яғни Әбілқайыр хан даңғылының бойындағы көпірдің оң қанаты қалай қала көркіне айналса, сол қанаты да сондай қалыпқа ие болмақ. Бұл мақсатқа 303 миллион теңге қаржы жұмсалады.
Қазіргі таңда аталған серіктестік жұмысшылары өзен арнасын тазартып, қиыршық тас төсеуде. Алдағы уақытта өзеннің айналасы бетонмен қапталады. «Ақтөбе қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Генадий Дудаковтың айтуынша, бұл жұмыстар Әбілқайыр хан даңғылы мен Сәңкібай батыр даңғылының аралығын қамтиды. Жоспар бойынша барлық құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады. Сондай-ақ алдағы уақытта Тургенев көшесі мен Нокин даңғылының бойында да осындай шаруалар тындырылады.
Кәмшат ҚОПАЕВА.



