Жаңалықтар

Ақтөбенің тынысы — газет бетінде 

Нұрлан ЖАҚЫБАЕВ,

Қазақстан Қолөнершілер одағының мүшесі,

№1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі.

Ғасырлық тарихы бар«Ақтөбе» газетінің жерлестеріміз үшін мән-маңызы бөлек. Сайтқа жарияланатын күнделікті жедел ақпаратпен қатар, газет бетіне шығатын сараптамалық мақалалар, журналистік зерттеулер, шалғайдағы ауыл тұрғындарының мәселесі туралы материалдар басылымның жоғары деңгейін айғақтайды. Қанша жерден ғаламтор уақыты, әлеуметтік желілердің дамыған заманы десек те, газеттен оқылған ақпараттың маңыздылығы бәрібір қашанда жоғары. Бұл — сенімді ақпарат көзі.

Бір жағынан, ресми басылым — идеология құралы. Мұнда тәрбиелік мәні бар дүниелер жарияланады. Көптеген өнер адамы туралы жазылады. Соның бірі — өзім. Редакцияға келіп те, ауданның өзінде де талай рет газет журналистеріне сұхбат бердім. Менің қолөнер жұмыстарым туралы сан рет осы облыстық газетке жазылды.

«Ақтөбе» газетін отбасымызбен сүйіп оқимыз. Ауданда болғандықтан, газет кейде  кешігіп жетуі мүмкін, бірақ оқылмай қалатын кезі жоқ. Өйткені газет бетінде — өңірдің жаңалықтары, ақтөбеліктер туралы мақалалар, соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтар. Ал туған жердің тынысын білмеуге болмайды…

 Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button