Экологиялық таза әрі сұранысқа сай

Отандық өнім
Ақтөбеде гофроқаптама, картон қораптар және стретч-пленка өндіретін заманауи өндірістік кешен өз жұмысын бастады.
— Гофротара мен гофрокартон өндіретін цех ашу идеясы отандық нарықты сапалы орауыш материалдарымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындады. Соңғы жылдары қорап пен картон өнімдеріне сұраныс айтарлықтай артты. Сондықтан біз импортқа тәуелділікті азайтып, өз өндірісімізд ідамыта отырып, жаңа жұмыс орындарын құруды мақсат еттік, — дейді «Капитал Пласт KZ» компаниясының өндіріс басшысы Мейрамбек Данабеков.
Бұл жоба — өңір экономикасы үшін маңызды бастама. Алғашқы кезеңде екі өндірістік желі — гофроқаптама шығару және макулатураны қайта өңдеу іске қосылды. Қазіргі уақытта үшінші желі — стретч-пленка өндірісіт олық дайын.
Бүгінде кәсіпорында шамамен 50 адам еңбек етеді. Зауыт толық қуатына шыққан кезде қосымша 200-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Кәсіпорын жылына 21 миллион шаршы метр гофрокартон шығарады. Мұнда
экологиялық талаптар мен еңбек қауіпсіздігіне ерекше мән берілген. Еңбекті қорғаудың заманауи стандарттары енгізіліп, қызметкерлер арнайы оқыту курсынан өтеді.
— Ақтөбе өңірінде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасалған: мемлекеттік қолдау бар, инфрақұрылым дамыған. Ең бастысы — табандылық пен серіктестікке ашық болу. Қазір мүмкіндік көп, сондықтан алға қадам жасап, дамуға ұмтылу қажет, — дейді компания өкілі.
Компания алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, экологиялық таза әрі инновациялық орауыш өнімдерінің жаңа түрін шығаруды жоспарлап отыр.
Өз тілшіміз.



