Жаңалықтар
Баспана беріледі

Тұрғын үй
Ембі қаласында көп пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Нысан аумағы— 750 шаршы метр. Бұл жобаны Мұғалжар ауданы әкімдігінің ұсынысы негізінде ембілік жеке кәсіпкер Жайылхан Сәрсенбаев жүзеге асыруда.
Екі қабатты 10 пәтерлі үй толығымен аяқталса, мұндағы пәтерлер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге байланысты «Отбасы банк» АҚ арқылы Мұғалжар ауданындағы кезекте тұрған тұрғындарға берілетін болады.
Мамандардың айтуынша, құрылысшылар сапаға мән беріп, тұрғындар үшін жайлы, заманауи әрі қауіпсіз үй тұрғызуды мақсат етіп отыр. Қазіргі таңда үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Инженерлік жүйелер толық жүргізіліп, ішкі әрлеу жүргізіліп жатыр.
Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ,
Мұғалжар ауданы.



