Жаңалықтар

Жаңа зауыт іске қосылды

Отандық өнім

Ақтөбеде өрт сөндіру «жеңдерін» шығаратын тұңғыш отандық зауыт өз жұмысын бастады.

Өрт сөндіру саласының қызметкерлері иілгіш әрі аса төзімді құбырды «өрт сөндіретін жең» деп атайды. Қарапайым адамдар үшін су шашатын шлангі мен өрт сөндіретін жеңнің айырмасы аздау. Ал өрт сөндірушілер  үшін бұл тілсіз жаумен күресетін ең маңызды құрал.

Жаңа жобаны «O’rt tehnika-Qazaqstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіжүзеге асырды. Бұл — елімізде импортты алмастыру және өрт қауіпсіздігі саласындағы отандық өндірісті дамыту бағытында маңызды қадам.

Компания өткен жылы құрылған. Негізгі бағыты — әлеуметтік, әскери және коммерциялық нысандарда, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінде кеңінен қолданылатын жоғары технологиялық өрт сөндіру «жеңдерін» өндіру. Өнімнің басты ерекшелігі — су өткізбейді, жоғары температура мен қысымға төзімді.

Облыс басшылығы тарапынан бізге қолдау көрсетілді. Соның нәтижесінде индустриялық аймақтан 1 гектар жер бөлінді. Қазір біз тесттік кезеңде жұмысты бастап кеттік. Кәсіпорын толық қуатымен жұмыс істей бастағасын  индустриялық аймақта жеке ғимарат салып, өндірістік жабдық санын арттыруды жоспарлап отырмыз,— деп,компания басшысы Асқар Әбдірахманов көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.

Ақтөбеде мұндай өндірістің іске қосылуы өңірде жергілікті жоғары технологиялық кластердің қалыптасуына жол ашып, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button