Жаңалықтар

Елордада «Astana Media Week 2025» апталығы басталды

Бүгін Астанада Орталық Азиядағы ең ауқымды медиа шаралардың бірі — «Astana
Media Week 2025» апталығы өз жұмысын бастады.
Үш күнге жалғасатын жиын барысында медиа саласының мамандары халықаралық
әріптестік, бірлескен продакшн-жобалар және платформалық шешімдер бағыттарына
басымдық береді.
Биылғы форум «Жаңа дәуірдің медиа миссиясы: сенім, болмыс және интеллект»
тақырыбында өтіп жатыр.

Бағдарлама аясында пленарлық және панельдік сессиялар
ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жетекші халықаралық
медиакомпаниялардан арнайы дәрістер оқылады.
Шара спикерлері қатарында Euronews, Anadolu Agency, Qazcontent, Yandex, сондай-ақ
Президент телерадиокешені және өзге де ірі медиа құрылымдардың сарапшылары бар.
Тоғыз жыл ішінде Astana Media Week Қазақстан мен Орталық Азия өңіріндегі медиа
саланың өсіп-өркендеуінің басты алаңына айналды. Форум кәсіби қауымдастықты,
реттеуші органдар мен халықаралық серіктестерді біріктіріп келеді.
Медиа апталық аясында журналистиканың болашағы, кәсіби этика, цифрлық тәуелсіздік
және қоғамдағы келісімді нығайтудағы медиа рөлі туралы пікір алмасу көзделген.
Бұл маңызды шараға Ақтөбе облысынан арнайы делегация қатысып жатыр.Оны облыстық ішкі саясат
басқармасы басшысының орынбасары Динара Достанова бастап барды.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button