Жаңалықтар

Ақтөбе облысында қысқы кезеңге жолдарды күтіп ұстауға дайындық жүріп жатыр

Ақтөбе облысында қала аумағындағыжергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қысқы маусымғадайындығы пысықталудаБүгін өңір басшысыАсхат Шахаровтың төрағалығымен автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындықбарысы талқыланды.

Облыстық жолаушылар көлігі жәнеавтомобиль жолдары басқармасыныңбасшысы Айбек Қайырдың айтуыншаөңірдегі4440 шақырымды құрайтын жергілікті маңызыбар автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіпұстауға 44 кәсіпорын жауапты болыпбекітілгенОлардың қатарында 8 облыстықжәне 36 аудандық жолдарға қызмет көрсететінмердігер мекеме бар. Барлығы 290 бірлікарнайы техника дайындалған.

«Қыс мезгілінде жол қауіпсіздігін сақтаумақсатында 3,7 мың тонна көктайғаққа қарсыинертті материал мен 1,8 мың тонна дизель отынының қоры дайындалдыСонымен қатарсу өткізгіш құбырлар мен көпірлер тазартылыпкөктайғақтың алдын алу белгілері орнатылды», — деді Айбек Қайыр.

Қысқы қауіпсіздікті қамтамасыз етумақсатында биыл облыстық маңызы бар 98 шақырым жолдың қар жиі жиналатынучаскелерінде жалпы ұзындығы 5 мың метрдіқұрайтын жасанды қар ұстайтын құрылғыларорнатыладыБұл жұмыстар желтоқсан айыныңбасында басталады.  Сонымен қатароблысәкімдігі жанындағы ситуациялық орталықтаарнайы техниканы онлайн бақылау жүйесіенгізілуде. 53 техникаға GPS навигатор орнатыладыБұл олардың қозғалысын нақтыуақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Ал Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекеттіңсөзіншеқала аумағында да автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындықжұмыстары толық көлемде жүргізілудеОблысорталығының автомобиль жолдарын күтіпұстау үшін Ақтөбе 18 учаскеге бөлінгенҚызметкөрсетілетін аумақтың жалпы ауданы 7,03 миллион шаршы метр. Бұл — 711 қала көшесіайналма жолдар мен 54 тұрғын алаптағыжолдарды қамтиды.

«16 қазаннан бастап қала аумағында күзгі-қысқы маусым ресми түрде басталдыБүгіндебарлық мердігерлік ұйым өз учаскелеріндежұмысқа кірістіҚазіргі таңда қалалықжолдарға қызмет көрсететін 357 бірлік арнайытехника дайынҚар тазалау жұмыстары екіауысыммен ұйымдастырыладыКүндізгіуақытта 30 бригада, ал түнгі уақытта 20 бригада жұмылдырылмақҚардың қалың түсуікезінде аудандық тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық бөлімдерінің мердігер ұйымдарыда қосымша көмекке тартылады», – деді Азамат Бекет.

Еске салайық, 2025 жылдың қаңтарсәуірайлары аралығында қала аумағынан 340 мыңм³ қар шығарылған.

Қазіргі таңда мердігерлерде көктайғаққақарсы материалдардың жеткілікті қоры бар, атап айтқанда1 650 тонна тұз,1 410 тонна құм-тұз қоспасы, 2 000 тоннадан астам құмәзірленген.

Баяндамашыларды тыңдап болған соң,облыс әкімі Асхат Шахаров жауапты органдармен аудан әкімдеріне қысқы маусымға толықдайындықты қамтамасыз етуді тапсырды.«Қазавтожолдың» облыстық филиалыныңреспубликалық жолдарды жөндеуге қатыстыжұмыстарын сынға алыпбылтырғы қарлыборандағы жағдайлардың қайталанбауынқатаң ескерттіӘкім жолдарды тазалау жәнетехникаларды уақытылы жұмылдырумәселесінде олқылықтар болмауы керектігінайттыСонымен қатартұрғындардыңқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлықкоммуналдық қызметтердің тәулік бойыкезекшілік кестесін ұйымдастыруды міндеттеді.

«Автомобиль жолдарын қысқы маусымғасапалы әрі толық дайындау қамтамасыз етілуітиісБұл ретте арнайы техниканың толықдайындығын қамтамасыз етіпқажет болғанжағдайда қосымша резерв қалыптастыруинертті материалдар – құмтұзреагенттерқорын жеткілікті көлемде дайындау керекЖолдардың қауіпті және күрделі учаскелеріндеқауіпсіздік шараларын күшейтіптәулік бойыкезекшілік пен жедел әрекет етубригадаларының жұмысы ұйымдастырылуықажетТөтенше жағдайлар туындағанжағдайда жедел әрекет ету алгоритмі бар, соның аясында тұрғындарды уақытылыхабардар етіпақпараттық жұмысты қамтамасыз ету керек», – деп өңір басшысы сөзін қорытындылады.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button