Жаңалықтар
«Халық заңгері»

Бас Прокуратураның тапсырмасыбойынша 31.10.2025 жылы «Керуен Сити» сауда ойын-сауық орталығында Ақтөбе облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасы «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясына қатысты.
Шараның мақсаты – тұрғындарға өзекті мәселелер бойынша тегін құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Акция барысында әскери прокуратура қызметкерлері азаматтардың әскери қызмет жөнінде сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар облыстың үздік заңгерлері мен адвокаттары, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарға түрлі мәселелер мен даулар бойынша кеңес берді.
Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры
әділет полковнигі
Жанисбаев Ролан Русланович



