Жаңалықтар
Абаттандыру жұмыстарымен танысты

Облыс әкімі Асхат Шахаров қаладағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Өңір басшысы Маресьев көшесіндегі «Қоныс» спорт сарайы маңындағы гүлзарға барды. Мердігер ұйым — «Интерстиль» ЖШС. Бүгінде мұндағы жұмыстың 90 пайызы бітіп тұр.
Асхат Шахаров абаттандыруды сапалы түрде аяқтауды, сондай-ақ тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасау үшін гүлзар аумағында көгалдандыруды күшейтуді, жарықтандыру мен шағын архитектуралық нысандардың сапасына ерекше назар аударуды тапсырды.
Облыс әкімі қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру атқарылып жатқан барлық жұмыстың басты мақсаты екенін атап өтті.
Өз тілшіміз.



