Жаңалықтар

Цифрлық серпін: жаңа мүмкіндік

Семинар

Ақтөбе қалалық әкімдігі және  қалалық мәслихаттың ұйымдастыруымен «Цифрлық серпін: стартаптарға жаңа мүмкіндіктер» атты тренинг өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты —  кәсіпкерлік ортада инновациялық ойлау мәдениетін дамыту, жаңа цифрлық шешімдер мен стартап бастамаларын қолдау.

Іс-шараға жергілікті кәсіпкерлер, цифрлық технологиялар саласының мамандары, стартап жетекшілері және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты. Алматы қаласынан арнайы шақырылған жеке кәсіпкер, бизнес сарапшы  Назым Әли қатысушыларға инновациялық жобаларды дамыту, стартаптарды нарыққа шығару және жасанды интеллектті бизнеске енгізу бағытында өз тәжірибесін бөлісті.

— Бүгінгі кездесуде цифрлық бизнес туралы сөз қозғадық. Себебі қазіргі уақытта бәрі тез дамып келеді, соның ішінде заманауи технологиялардың қарқыны мықты. Сондықтан бизнес те цифрландыруды талап етеді.  Байқағаным,  Ақтөбеде кәсіпкерлерге деген қарым-қатынас өте жауапкершілікпен жүргізіледі. Мен мұнда екінші рет келіп отырмын. Бірінші келгенде де кәсіпкерлерге кеңес бердім. Кейін кері байланыс орнаттық,  нәтижесі жақсы болды, — деді Назым Әли.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар Ақтөбе қаласында инновациялық экожүйені қалыптастыруға, жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және өңірдің экономикалық дамуына серпін беруге бағытталған.

Тренингкежалпы саны 150-ден астамадамқатысты.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында цифрландыруды дамыту, жасанды интеллектті қолдану және осы арқылы экономиканы жаңғырту жөнінде тиісті орындарға бірқатар тапсырма берген болатын. Тренинг осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Тренинг барысында қатысушыларға цифрлық технологияларды пайдалану, стартап жобаларын іске асыру жолдары, инвестиция тарту секілді кеңестер берілді. Мамандар тәжірибелік мысалдар арқылы қатысушыларға нақты ұсыныстар мен шешімдер ұсынды,— деді Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Асқар Көкеев.

Бұл іс-шара жастарға, IT-саласының өкілдеріне және кәсіпкерлерге өз мүмкіндігін көрсетуге және тәжірибе алмасуға маңызды алаң болды.

Владимир БУРЬЯНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button