«Таза Қазақстан»

25 терек жайқалады

Ғимараты биыл тапсырылған Темір аудандық орталық кітапхананың ауласына жас көшеттер егілді. Мәдениет саласының қызметкерлері «Туған жерге бір тал — болашаққа аманат» ұранымен экологиялық акцияға белсене атсалысты.

Жасыл желекке оранған кітапхананың жан-жағын абаттандыру ісі мұнымен шектелмеген. Жарықшамдар орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы төселген, орындықтар қойылған.

— Биыл аудан орталығы — Шұбарқұдық кентінде орналасқан кітапханамыз жаңа ғимаратқа көшкені белгілі. Қызылжар шағын ауданындағы су жаңа мәдениет мекемесі 100 адамға шақталған. Іші-сырты заманауи талапқа сай, кітапхана қоры да күн санап толығып келеді. Енді, міне, табиғатты аялау мақсатында ағаш егіп жатырмыз. 25 терек алдағы уақытта жайқалып өсіп, жазда сая, қыс мезгілінде ық болатынына сенімдіміз. Игі бастамаға оқырмандар да үн қосты. Экологиялық мәдениетті бірге қалыптастырайық! — дейді кітапхана әдіскері Гүлжанат Жанәділова.

Сондай-ақ осы Досжан хазірет көшесінің бойындағы стадион, музей аумағы да ретке келтіріліп, әлгіндей жұмыстар атқарылғанын айта кету керек. Мұндағы мақсат — тұрғындар үшін қолайлы демалыс және мәдениет аймағын жасау.

 Айәли АЙБЕК.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button