Жаңалықтар

Ембі көпірі жаңғыртылып жатыр

Жол

Республикалық маңызы бар Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз автомобиль жолының 92-100 шақырымында апаттық жағдайдағы көпір жөнделіп жатыр.

Аталған көпір көктемгі су тасқыны кезінде зақымданған еді. Сол уақытта жол қызметкерлері тәулік ішінде көлік қозғалысын қалпына келтірді, бірақ бәрібір сарапшылардың қорытындысы бойынша көпірге күрделі жөндеу қажет деп танылды.

Көпірді жаңарту жұмысы маусым айында басталды. Жобаның бас мердігері — «Сервис НС» ЖШС.

Қазіргі уақытта ескі көпірді бөлшектеу жұмысы жүргізіліп, өндірістік база аумағында бетон араластырғыш қондырғы іске қосылды. Екі бұрғылау қондырғысы қадаларды қағу жұмыстары екі ауысымда атқарылып жатыр.

Нысанда 22 техника мен 45 жұмысшы жұмылдырылған.

 Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button