Жолдағы жарықтандыру – қауіпсіздіктің кепілі

Республикалық маңызы бар А-27 «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астрахан бағытына)» автомобиль жолының Ақтөбе – Қандыағаш учаскесін қайта жаңарту жобасы аясында жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Барлығы 47,4 шақырым жол жарықтандырылды — төрт елді мекеннің (Тамды, Еркінқұш, Ақкемер, Елек) маңында және бір жолайрықта:
1754 жарық шамының тірегі орнатылды
2651 энергия үнемдейтін шам іске қосылды
Сондай-ақ, автожолдың 17,5 км, 54 км және 87 км тұстарында орналасқан үш жерде барлығы 4 ақпараттық табло орнатылды.
Жарықтандырумен қатар, бұл жол учаскесінде ауқымды реконструкция жүргізілді:
* Учаскенің жалпы ұзындығы — 96 км;
* Оның шамамен 78 км — I техникалық санатқа, ал 18 км — елді мекендерді айналып өтетін учаскелермен қосқанда II санатқа ауыстырылды;
* атқарылған жұмыстарға қатарына көпірлерді, көлік айрықтарын, су өткізу құбырларын және басқа да нысандарды салу мен қайта жаңарту енді.



