Жаңалықтар

Нақты жоспар және жаңа жобалар

Энергетика

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында өңірдің электр энергетика саласын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев өңірдің қазіргі энергия балансы, даму перспективалары мен іске асырылып жатқан ірі жобалар туралы баяндады.

Басқарманың мәліметінше, өңірдің жалпы электр тұтыну көлемі— 941 МВт. Негізгі энергия өндіруші көздері— Ақтөбе жылу электр орталығы (ЖЭО), Жаңажол газ-турбиналық электр станциясы және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» кәсіпорны.

— Энергетикалық тәуелсіздікті арттыру мақсатында бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, Ақтөбе жылу электр орталығы қуатын 306 МВт-қа дейін, Жаңажол газ-турбиналық электр станциясы қуатын 240 МВт-қа дейін, ал «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» кәсіпорнының қуатын 84 МВт-қа дейін арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ ERG компаниясы қуаты 80 МВт құрайтын газ станциясын пайдалануға бермекші. Бұдан бөлек облыс орталығында қуаты 250 МВт бу-газ қондырғысын салу жоспарланған,— деді Арысұлан Айтбаев.

Сондай-ақ өңірде ERG, «Darmen Shuak», Next Green Energy, «Аргест» және Beta Wind компанияларының жеке инвестициялары есебінен жалпы қуаты 450 МВт құрайтын «жасыл» энергетика жобалары іске асырылуда.Бұған қоса еліміздің батыс аймағын Қазақстанның Біртұтас энергетикалық жүйесіне біріктіру жұмысы жүргізілуде. Ұлттық оператор «KEGOC» жүзеге асырып жатқан жоба аясында облыс қосымша 300 МВт электр энергиясымен қамтылады.

Салада цифрландыру бағытына да ерекше көңіл бөлінуде. «Энергожүйе» арқылы 61 мың заманауи есептегіш құрал орнатылды, ал электр желісінің 35 пайызы «Градкадастр» геопорталына цифрлық форматта енгізілген. Сонымен қатар ЖЭО-да SIEMENS газ-турбиналық қондырғысы мен автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүйесі орнатылған.

Облыс әкімі Асхат Шахаров электр энергетика кешенінің сенімді жұмысы өңірдің стратегиялық басымдығы екенін алға тартты.

Электр энергетикасы—облыс экономикасының тірегі. Біз энерго жүйенің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Ол үшін цифрлық шешімдерді енгізіп, инфрақұрылымды жаңғыртып және жаңартылатын энергия көздерін дамыту қажет, —деді өңір басшысы.

Сондай-ақАсхат Шахаров энергетика басқармасына және аудан әкімдеріне электр желісінің жағдайына толық диагностика жүргізіп, оларды 2026 жылға дейін жаңғыртудың Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Облыс әкімі күн және жел электр станцияларын белсенді түрде дамыту қажеттігін тілге тиек етіп, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану өңірдің тек экономикалық емес, экологиялық болашағы екенін жеткізді.

 Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button