Жаңалықтар

Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Тағайындау

Облыс әкімінің өкіміне сәйкес әріптесіміз, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Айгүл Нұркеева өңірлік Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің негізгі міндеті – балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, олардың бұзылуына қатысты өтініштер мен шағымдарды қарау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың осы бағыттағы қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу.

Сондай-ақ уәкіл балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған заңнамалық бастамаларды әзірлеу және ілгерілету жұмыстарына қатысады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілге сауалдар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: +7 (775) 438-25-07.

«Ақтөбе-ақпарат».

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button