Жаңалықтар

Сан ғасырдың құпиясын сақтаған

Кітапханашылар күні

24 қазан — Кітапханашылар күніне орай Қарғалы тұрғын үй алабындағы №6 модельді кітапханада «Сан ғасырдың құпиясын сақтаған» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты — кітапхана саласының дамуына үлес қосып жүрген кітапханашылардың еңбегін дәріптеу, жас ұрпақ арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

Мерекелік кеш барысында кітапханалардың жылдық есебі қорытындыланып, ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан сала мамандарына Алғыс хатпен естелік сыйлық табысталды. Арнайы шақырылған қонақтар — ардагер кітапханашылар өз естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа кітапхана қызметінің ерекшеліктері мен маңызы туралы айтты.

Кеш барысында «Геолог» мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, көпшілік назарына ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы — мәңгілік қазына» атты тақырыптық кітап көрмесі ұсынылды.

«Сан ғасырдың құпиясын сақтаған» атты мерекелік кеш рухани құндылықтарды сақтаушы, білім мен мәдениеттің алтын діңгегі саналатын кітапханашыларға көрсетілген зор құрмет пен ризашылықтың көрінісі болды.

Бағдагүл ҚАЛИЕВА,
«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ әдіскері,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button