Жасөспірім тәрбиесіне селқос қарамайық

Тәрбие
Әр әке-шешенің балаға қоятын басты талабы — тәртіп. «Әдепті бол», «көргенсіз болма» деп үнемі «құлағына құйып отырады»…
Алайда қазіргі таңда ата-аналардың көбі күнделікті күнкөріс қамымен бала тәрбиесіне аз көңіл бөледі. Тіпті мектептегі ата-аналар жиналысына қатысуының өзі қиын. Ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында тәрбие бөлімі ұйымдастырған әкелер мектебі, әжелер мектебі, аналар мектебісынды қоғамдық жұмыстарға тарту қиындық туғызады. Себеп — ата-ананың жұмыстан қолы босамайды.
Қазіргі балалар түрлі озық технологияны тез меңгереді, жан-жақты, сауатты. Ең бастысы, заман талабына сай қоғамдық ортада өз ойын еркін айта алатын, тәрбиелі, білімді азамат болып өседі. Олар мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады.
Отбасында ұлттық құндылық, тәрбие ақсаса, бұл айналып келгенде елдің дамуына да әсер етеді. Жас ұрпақ — еліміздің айнасы, ал айнаның қандай болуы ата-анаға байланысты. Отбасында ата-ананың тәрбиесі мен тәртібі, үлгі-өнегесі ұрпақтың өмірлік ұстанымына айналатынын ұмытпайық.
Ойымды қорыта келе, әр баланың ата-анамен байланысы мықты болуы керегін айтқым келеді.
Айнұр БЕКМЫРЗАҚЫЗЫ,
№79 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.



