Жаңалықтар

Жаңғыру мен дамудың негізі

Кездесу

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі бағыттардың өңірлерде жүзеге асырылу барысын талқылау және тұрғындармен ашық пікір алмасу мақсатында Шалқар қаласында арнайы кездесулер өтті.

Атап айтқанда, Шалқар электрмен жабдықтау дистанциясы, аудандық аурухана және №3 жалпы орта білім беретін мектепте ұйымдастырылды.
Сондай-ақ Жаңақоныс және Есет Көтібарұлы ауылдық округтерінің тұрғындарымен де ашық диалог өтті. Кездесулерге еңбек ардагері Нұрхан Ақниязов, облыстық ішкі саясат басқармасының маманы Сұлтан Мусин, «Еңбек мобильділігі орталығы» мекемесінің маманы Гинят Мендалин, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Қаниятов, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Шалқар аудандық филиалының директоры Бақытжан Анапин қатысты.
Жиын барысында Жолдауда көтерілген басым бағыттар — экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік саланы қолдау, денсаулық сақтау мен білім беру сапасын арттыру, ауыл инфрақұрылымын дамыту сияқты өзекті мәселелер кеңінен айтылды.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button