Эстафеталық жарыс

Кәсіподақ
Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығы және Кәсіподақ күні мерекесіне орай эстафеталық жүгіруден жарыс ұйымдастырылды.
Салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымның ауызбіршілігін нығайту
мақсатында қолға алынған бұл шараны «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы қалалық спорт бөлімімен бірлесіп өткізді.
Спорттық эстафетаға Ойыл, Қарғалы, Шалқар, Мәртөк аудандарынан және облыстық спорт мекемелерінен — 20 мәдениет саласынан 12 команда қатысып, ерекше белсенділік танытты. Әр команданың жанкүйерлері ұрандармен, шынайы жанашырлықпен қолдау білдіріп тұрды.
Бұл басқосу әр ұжымның ауызбіршілігін, салауатты өмір салтын қаншалықты ұстанатынын насихаттау мүмкіндігіне айналды.
Жеңімпаздар Ақтөбе қалалық спорт бөлімінің кубогымен марапатталды.
Ал қатысушылардың барлығына кәсіподақ тарапынан естелік сыйлық табысталды.
Айзада ӘБДІБАЕВА.



