Жаңалықтар

Ауыл және әкім

Кездесу

Өңір басшысы Асхат Шахаров Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында ауыл әкімдері мен мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш тағайындалған басшылармен кездесті.

GUEST TALK форматында өткен кездесуде өңір басшысы ауыл әкімдерінің қоғамдағы рөлін атап өтіп, заманауи басқару тәсілдерін меңгерудің маңыздылығына тоқталды.

Ауыл — елдің тірегі, түп тамыры. Елдің бүгінгі тынысы да, ертеңгі болашағы да осы жерден бастауалады. Ондағы өмірдің сапасы мен даму қарқыны көбіне жергілікті атқарушы органның жұмысына тікелей байланысты. Әкім — сол елдімекеннің айнасы, жұрттың көңіл күйі мен тұрмыс-тіршілігінің көрінісі. Сондықтан ауылдық ортада өзгеріс болсын десек, алдымен сол өзгерісті өзімізден бастаған жөн, — деді Асхат Шахаров.

Өңір басшысы ауыл әкімдерінің жұмысы тек тұрмыстағы мәселелерді шешумен шектелмей, стратегиялық ойлау, инвестиция тарту, жаңа жобаларды іске асыру және жастарды ауылда ұстап қалу сияқты бағыттарды қамтуға тиіс екенін еске салды.

Облыс бойынша бүгінде 142 ауыл әкімі қызмет атқарады. Оның ішінде 118-і мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында ұйымдастырылған біліктілікті арттыру бағдарламасын сәтті аяқтаған. Қалған 31 әкім қазір осы оқу курстарынан өтуде. Айта кетейік, биыл 17 ақпаннан бастап өңірде ауыл әкімдерінің кәсіби даярлық бағдарламасы іске асырыла бастады.

Кездесу барысында Асхат Шахаров ауыл әкімдерін цифрлық сауаттылықты арттыруға, электрондық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жергілікті кәсіпкерлікті онлайн форматта дамытуға шақырды.

Ауыл шаруашылығының болашағын жақсартуға цифрлық жүйе аса маңызды. Бүгінде ауылда да заманауи технологиялар қолданысқа ене бастады. Соның бірі —«ақылды фермерлік» жүйесі.Бұлтәсілде фермер егінегу мен мал бағудажаңатехнологиялардыпайдаланады. Мысалы, дронарқылыегістіктібақылап, жердіңылғалын, топырақтыңжағдайынанықтайды, ал GPS жүйесіарқылытехниканыңқозғалысынбасқарыпотырады.Мұндай технологиялар бұрын тек ірі шаруашылықтарда қолданылса, қазір шағын қожалықтарға да қолжетімді бола бастады. Бұл ауыл еңбеккерлеріне уақыт үнемдеп, аз шығынмен мол өнім алуға мүмкіндік береді, — деді өңір басшысы.

Басқосу соңында ауыл әкімдері өздері басқаратын елдімекеннің жетістіктері, өзекті мәселелері туралы айтып, кәсіби даму бағыттарын талқылап, өз округтерінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын ұсынды.

Сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер де сөз алып, жаңа қызметтегі басым бағыттар мен күтілетін нәтиже туралы пікірлерін ортаға салды. Өңір басшысы жаңа қызметке кіріскендерге сәттілік тілеп, барлық мемлекеттік қызметшінің алдына қойылған басты міндетті естен шығармау керек екенін тілге тиек етті.

Айдана АЛТЫБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button