Жаңалықтар

Тұрғын үй мәселесін көтерді

Қабылдау

Облыс әкіміАсхат Шахаров тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың тұрғын үй, әлеуметтік және инфрақұрылымға қатысты өтініштерін тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтардың дені тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға пәтерлерді кезектен тыс беру көзделмегені түсіндірілді. Коммуналдық тұрғын үй қоры есебінен баспана құрылыс нысандарының пайдалануға берілуіне қарай бекітілген кезек тәртібімен үлестіріледі. Кезекке тұрмаған азаматтарға тұрғын үй алу үшін есепке тұру ұсынылды.

Тұрғындардың бірі, қоғам белсендісі Алтықарасу, Қараой, Сарыбие және Көптоғай ауылдарында (Темір және Ойыл аудандары) бұқаралық спортты, соның ішінде бокс пен футболды дамыту мәселесін көтерді.

Асхат Шахаров облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына аталған елді мекендерде балалар мен жасөспірімдерге арналған секциялар ашу және жастарды спортқа тарту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Бұдан бөлек, тұрғындар қаланы абаттандыру мәселесін де қозғады. Зейнеткер Оңтүстік-Батыс-2 шағын ауданындағы жолдарды асфальттау жөніндегі ұсынысын айтты.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Облыс әкімі әрбір өтініш бақылауға алынатынын атап өтіп, жауапты басқармаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарап, азаматтармен міндетті түрде кері байланыс орнатуды тапсырды.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button