Әр шаңырақтың серігі

Біздің оқырман
Шалқар ауданы Жылтыр дәрігерлік амбулаториясының медбикесімін. Бұл салада үздіксіз 31 жылдан бері қызмет етіп келемін. Өзім Аққайтым ауылының тумасымын. Яғни осы өңірде өмірге келіп, еңбекке араластым. Жолдасым ішкі істер саласында қызмет етті, бүгінде жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Бір шаңырақта отасқанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Төрт балам бар. Үлкен қызым тұрмыста, бірнемере сүйіп отырмыз. Ал екі қызымыз жоғары оқу орнында білім алып жүр.
Біздің отбасымызда «Ақтөбе» газетіне жазылу — дәстүрге айналған үрдіс. Жыл сайын уақтылы жазылып отырамыз. Тіпті жаз мезгілі мен демалыс кездерінің өзінде де газетке деген қызығушылық төмендеген емес. «Ақтөбе» — әр үйдің айнасы, облыстағы жаңалықтардың, ел ішіндегі елеулі оқиғалардың шынайы шежіресі. Газет беттерінен әсіресе медицина саласына байланысты жарияланымдарды жібермей оқимын. Себебі бұл менің күнделікті жұмысыммен, өмірлік тәжірибеммен тікелей байланысты. Қоғамдық денсаулық, жаңа медициналық әдістер, саланың тыныс-тіршілігі туралы жарияланған мақалалар — бізге үлкен көмек әрі бағыт-бағдар.
Гүлшан ҚАРПЫҚ,
Жылтыр дәрігерлік амбулаториясының медбикесі.
Шалқар ауданы.



