Жаңалықтар

Су тасқынына қарсы дайындық пысықталды

жиын

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде су тасқынының алдын алу жөніндегі іс-шаралардыңіске асырылу барысы қаралды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қахарман Оразалиннің айтуынша, биылғы су тасқыны кезеңінің қорытындысы бойынша 105 тармақтан тұратын инженерлік іс-шаралар жоспары әзірленген. Бүгінде жоспарланған жұмыстың 45 пайызы орындалған. Жоспарды іске асыруға 6,5 млрд теңге қаржы қарастырылған.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 3 шақырым болатын өзен жағалауы нығайтылып, арнасы тазартылған, 2,3 шақырым қорғаныс бөгеті салынған, 9,6 шақырым гидротехникалық құрылыс жөнделіп, 8,8 шақырым нөсер кәрізі тартылған. Сондай-ақ 6,4 шақырым болатын су бұру арналары салынып, ұзындығы 26 шақырым арық пен каналдар тазартылған, 89 су өткізу нысаны орнатылып, жөнделген.

Асхат Шахаров су тасқынының алдын алу жұмыстары маусымдық емес, халықтың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін стратегиялық міндет екенін алға тартты.

Аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшылары дайындықты қағаз жүзінде емес, нақты іспен көрсетуге тиіс. Гидротехникалық құрылыстардың жағдайы, су өткізу жүйелерінің тазалығы, инертті материалдардың қоры мен техниканың дайындығы — барлығы алдын ала және толық көлемде қамтамасыз етілуі керек. Бір қателік бүтін бір ауылды қатерге тігеді. Салғырттық танытқандар жауапкершіліктен құтылмайды, — деді ол.

Сондай-ақ облыс әкімі су басу қаупі бар елді мекендердің тізімін, жедел топтардың жұмысын және халықпен байланысты қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button