Жаңалықтар

Ел бірлігінің діңгегі

Біздің оқырман

Баспасөз — қоғамның айнасы. Салмақты ой, сараланған пікір, тұшымды тұжырымға толы материалдарды сүйікті басылымым облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінен оқимын.

Мен Байғанин ауданы әкімдігінде күзетші болып жұмыс істеймін. «Ақтөбе» — біраз жылдан бергі сенімді серігім. Әр нөмірін тағатсыздана күтемін, үзбей оқимын. Мемлекеттің саясаты, атқарушы биліктің ел игілігі үшін атқарып жатқан жұмысы «Ақтөбе» газетінде жан-жақты жазылады. Ел Президентінің Жолдауында жүктелген міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы да «Ақтөбенің» мақалаларынан біліп отырмыз. Өзім спорт туралы материалдарды сүйсініп оқимын. Газет қолыма тигенде алдымен сол спорт туралы жазылған мақалаларды бір деммен оқып шығамын. Сосын аудандардың жаңалығын, ауыл бетін қызыға оқимын. Қай ауданның даму қарқыны қалай, қай ауданның шаруасы алда екеніне өзімше талдау жасаймын. Байғанин ауданының тыныс-тірлігі қамтылған материалдарды оқып қуанамын. Расында,аудан халқының әл-ауқаты түзеліп,өмір сапасы жақсарып жатыр. Ауылды дамыту үшін жасалып жатқан жұмыс көп. Жолдар салынып жатыр. Таза ауыз сумен қамту, газдандыру жұмысы да қарқынды жүргізілуде. Кеңес дәуірінде көрмеген игілікті көріп жатырмыз.

Жазарың көп болсын, газетім!

Ғазиз БИЕМБЕТОВ,

Байғанин ауданы,

Қарауылкелді ауылы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button