Жаңалықтар

«Сыбағадан» сыбағаңды алуға асық!..

Былтыр елімізде «Сыбаға» бағдарламасы қабылданды. Елбасы өткен жылғы Жолдауында халықтың жағдайын одан әрі жақсарту мақсатында мал басын көбейтуді, ет экспортын арттыруды тапсырған болатын. Осы тапсырмаға сай Үкімет қабылдаған «Сыбаға» бағдарламасы аясында жер-жерде агроөнеркәсіп нысандарына мал басын өсіру үшін несиелер беріліп жатыр. Аталған бағдарламаның қыр-сырын түсіну үшін және Ақтөбе өңірінде қалай жүзеге асырылып жатқанын білу үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Мавр АБДУЛЛИНМЕН сұхбаттасқан едік. Мархабат…

 

 «Сыбаға» бағдарламасы бойынше несие кімдерге беріледі?

— Несие қаражаты мал шаруашылығымен айналысуға және өз өндірісін кеңейтуге ниет білдірген шаруа қожалықтарына беріледі. Бағдарламаның басты мақсаты — фермерлік шаруашылықтардың сатып алған тауарлы ірі қара мал аналықтарына асыл тұқымды бұқаларды шағылыстыру арқылы, олардың тұқымын қайта өзгерте отырып, мал өнімділігі мен сапасын арттыру.

—  Тілек білдіргендердің барлығы «Сыбағадан» «сыбағасын» ала ала ма?

—  Бағдарлама бойынша шаруашылықтарды несиелендірумен қаржы институттары, яғни «ҚазАгро» ұлттық басқару холдинг» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы және «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы айналысады. Несиелендіруші қаржы институттары несие алушының жеткілікті кепілдік базасының және басқалай кіріс көздерінің болуын талап етеді. Олардың қойған талаптарына сәйкес келген барлық шаруашылықтарға тиісті өз «сыбағасы» беріледі.

—  Несие алушының қора-қопсысы, жайылымы, суат көзі, т.б. болуы шарт па? Ондай нәрселері жоқ адамдар несиеге үміттене ала ма? Оларға басқаша несие түрі қарастырылған ба?

— Мал үйдің ауласына жинап қоятын жансыз зат емес. Ол — тірі организм,   күнделікті коректендіруді, суаруды, қыста жылы қораны, яғни бағып күтуді қажет етеді. Мысалы, бағдарлама бойынша несие алушы біраз бас ірі қара малын сатып алады. Бұл — өндіріс орны ашылды деген сөз. Осыған байланысты мал иесінің  зоотехникалық-малдәрігерлік және санитарлық нормаларға сәйкес келетін қора-қопсысы, жайылымы, суат көзі болуы қажет. Ал ондай жағдайы жоқ үміткердің  талап етілетін қора-қопсыны салып алуына, жергілікті атқарушы орындардан жайылымдық алқап алуына, құдық қазып алуына толық мүмкіндігі бар. Өйткені бағдарламаны іске асыру 2011-2015 жылдарға есептелген.

—  Асыл тұқымды мал алушылар мен жай мал алушыларға қойылатын талаптар бірдей ме?

— «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алушы ірі қара мал аналықтарын тауарлы мал ретінде, ал бұқаны асыл тұқымды мал ретінде сатып алуы қажет деген шарт қойылған. Сонымен қатар, несие алушы асыл тұқымды бұқа сатып алған жағдайда, оған қосымша әр басына 107,0 мың теңге субсидия ала алады. Сондықтан несие алушы ірі қараның аналықтарын тек жай мал  ретінде ғана сатып алады.

Бұл несиенің бұрынғы несиелерден қандай айырмашылығы бар?

 Сыйақы мөлшерінің аздығы, яғни несие 6%-ға беріледі.  Сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ  негізгі борышты өтеуге 2 жылға дейін және сыйақыны өтеуге 1 жылға дейін жеңілдік мерзімімен берсе, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ  2 жылға дейін жеңілдік мерзіммен береді. Өзіңіз көріп отырғандай, бұл несиенің басқасынан ерекшелігі — жеңілдіктерінде.

—  Несиенің ең төменгі және ең жоғары мөлшері қанша?

— «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ бойынша несиенің сомасы 1,0 млн.теңгеден 18,5 млн.теңгеге дейін берілсе, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бойынша  бір қарыз алушыға берілетін қарыздың сомасы 7,5 млн.теңгеден жоғары.

Несие алушы малдың қай түрін алғысы келсе де, өз еркі ме? Әлде қандайда бір мал алуға талап қойыла ма?

— Бағдарлама бойынша ет бағытындағы ірі қара сатып алу ғана қарастырылған. Сондықтан несие алушыға тек ет бағытындағы ірі қара  сатып алуы қажеттігі жөнінде талап қойылған. Ал басқа мал сатып алу қарастырылмаған.

Несие алушы адамның малды кімнен, қайдан алса да өз еркі ме?

— Несие алушы ірі қара мал аналықтарын кімнен және қайдан алса да еркі бар, ал бұқаны тек асыл тұқымды мал шаруашылықтан алуы керек.

Әдетте несие алу үшін құжат жасауға қанша уақыт кетеді? Қандай құжаттар тапсырылуы керек?

— Сұратылатын құжаттардың дұрыс жасалынуы несие алушыға байланысты, құжаттары заңды түрде дұрыс жасалмаса, қабылдау мерзімі созылып кетуі мүмкін. Ал қандай құжаттар сұратылатыны — несиелендіруші қаржы институттарының құзырындағы шаруа.

Бағдарлама талабы бойынша несие алушының кепілге қоятын заты болуы тиіс. Егер кепілге қоятын заты болмаса, алатын малын кепілге қоюына бола ма?  

— Несиелендіруші қаржы институттарының мәліметі бойынша несие алушының сатып алатын малын кепілдікке алмайды.

Кепілдікке қандай заттар қоюға болады?

— Кепілдікке мал, үй, баз, техника және егістік жерлер қойылады.

«Сыбағадан» несие алғандар қаржыны басқа мақсаттарда пайдаланып кетпей ме?

—  Жоқ, оны болдырмау үшін  несиелендіруші қаржы институттары несие алушылардың қаржыны мақсатты пайдаланғандығы жөнінде есеп беріп тұрады.

—  Осы уақытқа дейін Ақтөбе облысында қанша адам «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алды?

—  2011 жылдың қорытындысы бойынша 65 шаруашылыққа жалпы сомасы     482,2 млн.теңгенің несиесі беріліп, оған 2570  бас ірі қара мал сатып алынды. Былтыр мал негізінен облыс аумағынан, сонымен қатар, ішінара көршілес облыстардан сатып алынды.

Осы жұмыстар биыл да жалғастырылып, қазіргі уақытта 16 шаруашылыққа жалпы сомасы 101,7 млн.теңгеге несие берілді, бұл сомаға 597 бас ірі қара мал сатып алынады.

Былтыр шетел селекциясымен өсірілген 858 бас гольштин-фриз (сүт бағытындағы), 147 бас даланың қызыл сиыры (сүт бағытындағы), 107 бас симменталь және герефорд (ет бағытындағы) және Қостанай облысынан 125 бас әулиекөл тұқымды ірі қара төлдері әкелінді.

—   «Сыбаға»  бағдарламасы Ақтөбе өңірінің мал шаруашылығы өндірісіне қаншалықты серпін әкеледі?

—   Бағдарлама облыстағы ірі қара мал шаруашылығын одан әрі дамыта түседі, сапалы ірі қара мал етінің өндірісін өнеркәсіптік негізге көшіріліп, ішкі нарықты сапалы, бәсекеге қабілетті өніммен толтырып, оның экспорттық әлеуетін құруға қол жеткізіледі деп отырмыз. 2016 жылы сиыр етінің өндірісі 33,0 мың тоннаға жеткізіліп, оның 4,0 мың тоннасын экспортқа шығаруға мүмкіндік туады деген үмітіміз бар.

 

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы фермерлік шаруашылықтарды несиелендірумен айналысады. Қордың несие алушыға (шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер) қоятын талаптары мынадай:

– төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы;

– өтініш берудің алдындағы соңғы 3 айда салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектердің болмауы;

– өтініш берген айда екінші деңгейдегі банктер және басқа да қаржы институттарына мерзімі өткен берешектердің болмауы;

– қаржы жағдайына байланысты бұрын-соңды орын алған жағымсыз жағдайлар;

– малды ұстауға қажетті шаруашылықтың ішкі құрылымының болуы;

– мал азығы базасының болуы;

– жайылымдық алқаптардың болуы;

– шаруашылықтың ветеринарлық-санитарлық жағынан таза болуы;

– сатып алатын мал басының кемінде 50% көлемінде өз малының болуы;

Несие 7 жылға дейінгі мерзімге, жылына 6% мөлшерлемемен, сонымен қатар, негізгі борышты өтеуге 2 жылға дейін және сыйақыны өтеуге 1 жылға дейін жеңілдік мерзімімен, 1,0 млн.теңгеден 18,5 млн.теңгенің сомасында беріледі.

Берілген несиеге тауарлы ірі қара мал аналықтары мен әр 30 бас аналыққа 1 бас асыл тұқымды бұқадан есептеп сатып алынуы қажет.

Жобаға қойылатын талаптар:

– ірі қара мал бірдейлендіру Ережесіне сәйкес бірдейлендірілуі керек;

– бәсекелестік, келісімшарт негізінде іс-әрекет жасайтын, лицензиясы бар, ветеринарлық мамандардың есебінен ветеринарлық қызмет көрсету;

– малды сұрыптауға арналған қондырғының болуы;

– сатып алынатын бұқалардың асыл тұқымдылығы туралы және ветеринарлық куәліктері, 1 кластан төмен емес ет бағыттағы тұқым болуы керек;

–  1 кластан төмен емес ет бағыттағы бұқа болмаған жағдайда дистрибьюторлық орталықпен арада жасалған келісімшартты көрсетіп, ет бағыттағы бұқа ұрықтарын қолдану арқылы қолдан ұрықтандырудың жүргізілуі керек.

 

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының да несие алушыға қоятын талаптары жоғарыдағы талаптарға ұқсайды. Яғни, аталған корпорациядан несие алушының міндетті түрде кепілдігі болуы керек, сонымен қатар төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығына, соңғы үш айда салық органдары мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер бойынша өтініш берген айда екінші деңгейдегі банктер және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешектердің болмауына, малды ұстауға қажетті шаруашылықтың ішкі құрлымының, мал азығы базасының, жайылымдық алқаптардың болуына, шаруашылықтың ветеринарлық-санитарлық жағынан таза болуына мән беріледі. Сондай-ақ сатып алатын мал басының кемінде 50% көлемінде өз малы болуы керек.

Несие ірі қара малын (аналық малдар және асыл тұқымды бұқалар) сатып алуға 84 айға дейінгі  мерзімге, жылына 6% мөлшерлемемен беріледі. Сонымен қатар, 2 жылға дейін жеңілдік мерзіммен беріледі. Бір қарыз алушыға берілетін ең аз қарыздың сомасы — 7,5 млн.теңге. Берілген несиеге тауарлы ірі қара мал аналықтары мен әр 30 бас аналыққа ет бағыттағы 1 бас асыл тұқымды бұқадан есептеп сатып алынуы керек.

Сұхбаттасқан Мейрамгүл Рахатқызы.

Басқа жаңалықтар

11 Comments

  1. мен сыбага багдарламасы бойынша акбас сиырды калай алсам болады жане де пайыздары канша,неше жылга бериледи екен. Мен карапайым азамат ретинде алуыма бола ма? Кайдан,калай ала аамын??? Тусиндирип берулеринизди отинемин, жауап кутемин сиздерден.

  2. Біз сыбаға бағдарламасымен несие алғымыз келеді! Себебі малдарымызды асылдандырғымыз келеді. Біздің жеке меншігімізде үй,(Райымбек ауданы, Жалаңаш ауылында), 30 аналық бас сыйыр, 30 өгізше, 45жылқы, 300 қой, мерседес автокөлігі бар. Баз жоқ. Арендаға алып отырмыз. ӨТІНІШ НАҚТЫ ЖАУАБЫН БЕРҢІЗДЕРШІ.

  3. Мен Темір ауданында тұрамын, жұмыс жасаймын. Менің сұрайын дегенім Байғанин ауданында ағам тұрады. Оның атында жайлымдық жері бар, бірақ оны пайдалануға жағдайы келмейді. Сол себепті осы жерді өз атыма немесе інімнің атына алып, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал алуға несие алуыма бола ба?

  4. Саламатсызба менде 10бас малым бар брак жеке касыпкер емеспн .соны ары карай етты багытта кобейту ушин сыбага багдарламасынан несие ала аламынба Ол ушин кай жерге бару керек. Мен Актобе облысы алга ауданында турам

  5. КРЕДИТНОЕ ПРЕДЛОЖЕНИЕ НА МЕНЬШУЮ ПРОЦЕНТ

    Привет, ты в долгах? Вам отказали в займе в банке? Или вам нужен кредит для погашения счетов? Больше не беспокоиться, Ваша помощь приходит сейчас, Corp Loan – кредитная фирма, предлагающая все виды займов физическим лицам, компаниям, которые нуждаются в кредите с низкой процентной ставкой 3%, свяжитесь с нами сегодня для получения дополнительной информации! E-MAIL: corploanfirms@gmail.com

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button