Жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі

Президент тапсырмасы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инфляцияны тежеу бағытында нақты шаралар қабылдады. Ең маңызды шешімдердің бірі – АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасына мораторий енгізу. Бұл ішкі нарықта бағаның негізсіз өсуіне жол бермей, тасымалдау мен ауыл шаруашылығы секторындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер тарифтерін 2026 жылдың І тоқсанына дейін өсірмеу туралы шешім қабылданды. Бұл, бір жағынан, халықтың табысына түсетін қысымды азайтса, екінші жағынан, инфляциялық күтулердің төмендеуіне әсер етеді. Тарифтерді ұстап тұру табиғи монополиялар субъектілерінің шығындарын оңтайландыру арқылы жүзеге аспақ. Бұл шаралардың барлығы халықтың әлеуметтік жағдайын қорғауға және экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталған жүйелі қадамдар болып табылады.

Кеңесов Асхат, саяси ғылымдар кандидаты

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button