Жем локомотив пайдалану депосына — 120 жыл

Белес
Жем локомотив пайдалану депосына — 120 жыл. Ембі қаласында бір ғасырдан астам үздіксіз жұмыс жасап келе жатқан аталған кәсіпорынның мерейтойы кең көлемде аталып өтті.
Салтанатты іс-шараға Ембі қаласының әкімі Райымбек Мұсағали, облыс мәслихатының депутаты Наурызбек Сарбасов, Жем пайдалану локомотив депосының қызметкерлері мен ардагерлері, қала тұрғындары қатысты.
Ембі қаласының әкімі кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегіне табыс тілеп, аудан экономикасының дамуына үлес қосқан азаматтарға Алғыс хат табыс етті. Сонымен қатар қызмет барысында үздік деп танылған мекеме қызметкерлері марапатталды.
Жем локомотив пайдалану депосында 325 адам еңбек етіп жүр.
Мерекелік іс-шара Ембі қалалық мәдени орталығының концертіне ұласты.
Жандос АЙТЖАН,
Мұғалжар ауданы.



