Жаңалықтар

Жол және сапа

Қала

Облыс әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе қаласында салынып жатқан жол салу және жөндеу жұмыстарымен танысты.

Алдымен Ақтөбе қаласына қарасты Жаңақоныс елді мекенінің Шестихатка тұрғын алабында салынған жолдың жағдайын барып көрді.

Бүгінде мердігер ұйым «Ассана Дорстрой» ЖШС Едіге батыр көшесін қаланың өнеркәсіптік аймағымен қосатын ұзындығы 2 шақырым 100 метр жол құрылысын аяқтауға жақын.

Өңір басшысымердігерге құрылыс кезінде сапаға баса мән беруді тапсырды. Компания жолдың беріктігіне кепілдік беріп отыр.

Сондай-ақ облыс әкімі Мәншүк Мәметова көшесінде атқарылып жатқан жөндеу жұмысын да қарап шықты. Мұнда «Astana Energo Hub» ЖШС орташа жөндеу жүргізуде.

Бұдан соң Асхат Шахаров 12-шағын аудандағы жаңғыртылған аула тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

«СК NEW CITY» ЖШС жол төсемін жаңартып, жаяу жүргіншілерге арналған тротуар мен демалыс аймағын салған. Сондай-ақ көгалдандыру, жарықтандыру және тұрмыстық жайлылықты арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізген. Мердігер құрылыс жұмысын жақын күндері аяқтамақ.

Тұрғындар атқарылған іске ризашылығын білдіріп, ауланы ұқыпты ұстауға уәде етті.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button