Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы мәселелері талқыланды

Кездесу

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин өңір фермерлерімен, шаруа қожалықтарының жетекшілерімен және қоғамдық ұйым мүшелерімен кездесті.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, агробизнес пен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.Басқосу мақсаты — агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау шараларын және алдағы жоспарды талқылау болды.

Аманғали Бердалиннің айтуынша, Ақтөбе облысында кейінгі жылдары ауыл шаруашылығын жаңғырту, өндіріс көлемін арттыру және шаруалардың табысын көбейту бағытында нақты жұмыстар атқарылып келеді.

Биыл Ақтөбе облысына егін шаруашылығын әртараптандыруға, мал шаруашылығын қолдауға, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға және өнім өндірушілерге субсидия беруге12 миллиард теңге  бөлінді. Келесі жылы мұны16 миллиард теңгеге, ал 2027 жылға қарай 24 миллиард теңгеге дейін ұлғайту жоспары бар, — деді А.Бердалин.

Вице-министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығын кешенді дамыту тек егін мен малшаруашылығын қолдаумен шектелмейді. Қазірмемлекетауылдағы ветеринария саласына да ерекшеназараударыпотыр. 2026-2027 жылдары республика бойынша осы бағытқа 66 миллиард теңгеқаржықарастырылып, соныңішінде4,7 миллиард теңгеАқтөбеоблысынабөлінбек. Бұлқаражатөңірдежаңаветеринарлықпункттер мен стансаларсалуға, сондай-ақ мал саулығынқорғаужүйесінжетілдіругебағытталады.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы өндірушілері ветеринарлық қауіпсіздік, мал шаруашылығын қолдау, экспорт және дизель отынын бөлу мәселесін көтерді. Вице-министр көтерілген сұрақтардың барлығы назарға алынатынын айтып, әр бағыт бойынша түсіндірме берді.

Кездесу соңында вице-министр ауыл еңбеккерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау бағытындағы бірқатар жоспармен бөлісті.

Малшылар мен қойшылардың еңбегі ескерусіз қалмауға тиіс. Сондықтан кемінде 25 жыл бойы үздіксіз осы салада еңбек еткен азаматтардың зейнетке шығу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар мұндай еңбеккерлердің балаларына да  жеңілдіктер ұсынылмақ. Егер ол отбасының баласы ауыл шаруашылығы саласына қатысты оқу орнына түскісі келсе, арнайы квота бөлу, ал әскерге шақырылған жағдайда уақытша кейінге қалдыру мәселесі қаралуда, — деді ол.

Кездесуден кейін Аманғали Бердалин азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындар мен фермерлердің өзекті мәселелерін тыңдады.

Айдана АЛТЫБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button