Жаңалықтар

Көшеттер жәрмеңкесін көріңіз!

Ақтөбеде биыл үшінші жыл қатарынан көшеттер жәрмеңкесі ұйымдастырылып жатыр. Бұл жәрмеңкені қалалықтар асыға күтеді. Себебі жәрмеңкеде жеміс ағаштары мен гүлдердің сан алуан түрі  ұсынылады. 

Үшінші жексенбі қатарынан жәрмеңке «Нұр Ғасыр»  мешітінің жанындағы автотұрақта өтуде. Оған үй және бақша өсімдіктерін өсіретін ірі питомниктер мен  жеке бағбандар да қатысып жатыр. Іс-шара әр демалыс күндері ұйымдастырылады. Қала әкімі Азамат Бекет жәрмеңкеге барып, бағбандармен кездесті.

— Жыл сайын  көшеттер мен гүлдер жәрмеңкесін өткізіп келеміз. Негізгі мақсат —қаланы абаттандыру, жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету.  Бұдан бөлек жәрмеңкеде жергілікті шаруа қожалықтары да өз өнімін ұсынады, насихаттайды. Себебі қазір  нарықта жеміс ағашы мен көпжылдық өсімдіктерге сұраныс көп. Ал тәжірибелі бағбандар тұрғындарға таңдау жасауға көмектесіп, өз тәжірибелерімен бөліседі. Әрі осы алаңда адамдар бір-бірімен әңгімелеседі, гүл өсіруге қатысты кеңес сұрайды, —  деді Азамат Бекет.

Жәрмеңке әр аптаның сенбі және жексенбі күндері,қазан айының  соңына дейін ұйымдастырылады. Тағы бір айта кететін жайт, жәрмеңкеде көшеттер халыққа қолжетімді бағамен сатылады. Мәселен, қарапайым бөлме гүлдері 500 теңгеден басталса, жемісағаштарын 1000 теңгеге сатып алуға болады. Тыңайтқыштар мен бау-бақша құралдарын да осы жерден табасыз.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button