Жаңалықтар

Тағылымды семинар

Ақтөбе өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен екі күндік республикалық семинар өтті.
Семинарға еліміздің 12 өңірінен 32 этномәдени бірлестіктің 36 өкілі қатысып, білімдерін жетілдірді.
Шараның басты мақсаты — этномәдени бірлестіктердің қоғам өмірінің түрлі салаларында тиімді әріптестік орнату тәжірибесін арттыру, этносаралық коммуникацияларды жетілдіру және бірлікті нығайтуға бағытталған жобаларды дамыту.
Семинардың жоғары деңгейде өтуіне республика көлемінде беделді спикер-тренерлер Әсет Әбжақов, Лариса Котельникова, Риза Исаевалар өз үлестерін қосты. Қатысушылар заманауи коммуникация және интеграциялық үрдістер бойынша тәжірибелі мамандардың дәрістерін тыңдап, тәжірибе алмасты.
Өңірлерден келген қонақтар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Этномәдени бірлестіктер Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақстандық бірегейлік пен этностарды ұйыстыру, қоғамдық келісім мен ұлт бірлігін нығайту секілді басты миссиясын табысты орындап келеді деп айтуға болады. Оның ішінде Ақтөбе облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 113 мүшесі бар 8 құрылым белсенді қызмет атқаруда. Өңірде 17 этномәдени бірлестік тіркелген, олардың барлығы қоғамдық аккредиттеуден өткен. Этномәдени бірлестіктер жанында 19 шығармашылық ұжым белсенді жұмыс жүргізуде.
Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында республика көлемінде өтіп жатқан іс-шараларға облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері белсенді қатысуда.

Әлібек БАЙНЕШОВ,
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button