Жаңалықтар

Бөгетсайдың ғасырлық тойы

Хромтау ауданы Бөгетсай ауылының 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті.
Бұл мерейлі мереке ауылдың өткені мен бүгінін сабақтастырып, болашаққа бағыт берген тағылымды шара болды.

Ғасырлық той ауылдың кіреберісіндегі жаңа көпірдің ашылуымен басталды. Одан соң, «Бірлік» саябағы келушілерге есігін айқара ашты. Жасыл желекке оранған жаңа демалыс орны ауылдың көркіне көрік қосып, тұрғындар үшін игілікті мекенге айналары сөзсіз. «Ауыл тарихы» фотокөрмесінде ауылдың өткені мен өркендеу жолына шолу жасалды.
Мерейтойдың мазмұнын байытқан маңызды шара ғылыми-практикалық конференция болды. Онда ауыл тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы және келешекке арналған жоспарлары сөз болып, тағылымды ойлар ортаға салынды. Сондай-ақ мерейтой аясында өткен концерттік бағдарламада аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов ауыл тұрғындары мен алыстан арнайы келген қонақтарды Бөгетсай ауылының 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Шарада ауылдың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматқа Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Бұдан бөлек мерейтой аясында қазақша күрестен сайыс және аламан бәйге ұйымдастырылды. Сондай-ақ көпшілікке киіз үйлерде дастарқан жайылды.
Іс-шара аудан өнерпаздарының гала-концертімен аяқталды.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button