Спортзал ашылды

Қуаныш
Қандыағаштағы Мұғалжар гуманитарлық-техникалық колледжінде жаңа спортзал ашылды. Бұл — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды салауатты өмір салтына баулып, денешынықтыру мен спортты дамыту туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, Мұғалжар гуманитарлық-техникалық колледжінің құрылтайшысы профессор Талғат Жұмағанбетов, колледждің атқарушы директоры Ильяш Ниязова, қала тұрғындары мен колледж оқушылары қатысты.
Салтанатты жиында аудан басшысы Дархан Жанысханұлы колледж ұжымы мен жастарды қуаныштарымен құттықтады. Жалпы ауданы 500 шаршы метр болатын спортзалдың құрылысы колледж қаражаты есебінен жүргізілген. Жаңа спортзал студенттердің спорттық әлеуетін дамытуға, ойын түрлері бойынша сабақ өткізуге мүмкіндік береді.
2011 жылы жұмысын бастаған Мұғалжар гуманитарлық-техникалық колледжінде қазіргі таңда 500-ге жуық жас 8 мамандық бойынша білім алып жүр. Оқушыларға 32 оқытушы дәріс оқиды. Колледж ұжымы мен оқушыларға аудан көлемінде өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға белсене қатысады.
Жандос АЙТЖАН,
Мұғалжар ауданы.



