Жаңалықтар

2026 жылы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірлеп жатыр. Жүйеде жерүсті және жерасты суы, гидротехникалық құрылысжайлар мен өзге де су шаруашылығы нысандары туралы мәліметтер жинақталады. Болашақта жасанды интеллект пен ғарыштық мониторинг деректерін қолдану жоспарланып отыр. Бұл елдің су балансын, экономика мен азаматтардың суға деген нақты қажеттілігін анықтауға, су ресурстарын пайдалануды талдауға және бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button