Жаңалықтар

Даму жолындағы жобалар

Сессия

Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті 30-сессиясы өтті.

Қала әкімі Азамат Бекет қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында сегіз айда атқарылған жұмыстарды баяндады.

Қаланың тұрғын үй, көлік, инженерлік инфрақұрылым, абаттандыру бағыттарына ерекше назар аударылып жатыр. Мәселен, Есет батыр шағын ауданында көпқабатты 12 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1727 пәтерлік 9 қабатты 10 үй пайдалануға беріледі.

— Көлік инфрақұрылымы саласында биыл жолдарды және көпірлерді қайта жаңарту бойынша — 3, жаңа жолдардың құрылысы бойынша — 28, күрделі жөндеу бойынша — 4, орташа жөндеу бойынша ауқымды 6 жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ 100 ауланы абаттандыру жобасы жалғасуда. Бұдан бөлек биыл қаламызда демеушілер есебінен 13 саябақ пен сквер салу жұмыстары қолға алынуда, — деді Азамат Бекет.

Сондай-ақ мәслихат отырысында Рауан-2, Қарғалы тұрғын алаптарын сумен қамтуға, Өрлеу тұрғын алабында автомобиль жолдарын салуға қаражат бөлінді. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға санаториялық-курорттық емдеуге, арнайы қозғалыс құралдарын алуға, кохлеарлық импланттарды жөндеуге, басқа да қызметтерге 833,8 миллион теңге бағытталды.

Инженерлік инфрақұрылым бойынша Жаңа ауыл-3 тұрғын алабында электр энергиясы және газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді.

Кірпішті, Ясный-2 тұрғын алаптарындағы жол құрылысын аяқтауға, Жаңақоныс-5 тұрғын алабының жолдарын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге, Бауырластар-3 елдімекеніндегі жайлы мектепке жол салуға қаражат қарастырылды. Сонымен бірге Советский, Сеитов көшелерін және Ә.Молдағұлова даңғылының “Кіші Әлия” бөлігін жөндеуге, Саяжай тұрғын алабындағы жаңа мектепке жол салуға, сондай-аққаланың 8 көшесінде күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға қаражат бөлу мәселесі талқыланды.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button