Жаңалықтар

Есет батыр тұрғын алабындағы спорт мектебінде 400-ден астам бала тәрбиеленуде

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп келеді.

Облыс әкімі Асхат Шахаров Есет батыр ықшам ауданындағы №3 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысып, жас спортшылардың жаттығу барысын көрді. 2024 жылдың ақпан айында ашылған бұл спорт мектебі аз ғана уақыт ішінде өңір жастарына үлкен мүмкіндіктер ашып, спорттың бірнеше түрін дамытуға серпін беріп отыр.

Спорт мектебінің екі бөлімшесі бар. Балалар бассейн, баскетбол, волейбол үйірмелері, грек-рим күресі мен таэквандо секцияларына қатысып жүр. Алдағы уақытта мектепте бадминтон және бокс үйірмелерін ашу жоспарда бар. Бұл өз кезегінде спорт мектебінің ауқымын кеңейтіп, балалардың қызығушылықтарын арттыра түспек.

Мектеп директоры Ольга Жәнібекованың айтуынша, қазіргі таңда жаттығатын балалар саны 400-ден асады. «Спортпен айналысуға ниетті балалар енді облыс орталығына бармай-ақ, осы жерде тегін жаттыға алады», — деді ол.

Асхат Шахаров спорт мектебінің мүмкіндіктерімен танысып, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуі мен спорт арқылы денсаулықтарын нығайтуына жағдай жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының кәсіби деңгейін жоғары бағалап, өңірде бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button