Жаңалықтар

Маңызды мәселелер сөз болды

Ардагерлер кеңесі

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында аудандық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген пленумы болып өтті.

Жиынға облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Құрания Аймағанбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Серік Ботағарин қатысты.
Аудан әкімі Айбек Көпенов сөйлеген сөзінде аға буын өкілдері — ардагерлерге жас буын тәрбиесіндегі үлгілі еңбектері үшін алғысын білдіріп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құрманғали Әлжан ұйымның жылдық есебін беріп, маңызды мәселелер жөнінде жиналғандармен ой бөлісті.
Бұл жиын ардагерлерді қолдау, олардың өмірлік тәжірибесін жастарға жеткізу мен қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатындағы маңызды басқосу болды.

Нұрлыбек ӘДІЛЕТОВ,
Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button